Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізін қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тәсілдері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес туралы ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес қызметінің міндеттерін, функциялары мен ұйымдастыру негіздерін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) мемлекеттік және жеке сектор арасындағы әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен әдістері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңестің қызметі елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді тетіктерін құру бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдарды бірлесе әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми қауым мен үкіметтік емес ұйымдардың практикалық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.11.2013 жылғы № 1249 Қаулысымен (11.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өзге де кеңестермен өзара іс-қимыл жасайды.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.03.2013 жылғы № 226 Қаулысымен (05.09.2012 ж. редакцияны қараңыз) 5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2. Кеңестің міндеттері мен функциялары
6. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары:
1) Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) Қазақстанның ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негіз қалаушы қағидаттары, міндеттері мен тетіктері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
3) базалық факторлар («Макроэкономика», «Бизнес», «Технологиялар және инновациялар», «Институттар», «Адами даму») көрсеткіштерін жақсарту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) елдің бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі баяндаманы қалыптастыруға қатысу болып табылады.
3. Кеңестің құқықтары
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырыстарына шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға;
3) қажеттілігіне қарай проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға;
4) барлық институционалдық құрылымдармен жүйелі консультациялар беруге;
5) өз құзыретінің шегінде Кеңестің жанынан кіші жұмыс топтарын құруға құқылы.
7-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 21.11.2013 жылғы № 1249 Қаулысына сәйкес
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
8. Кеңесті лауазымы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып табылатын төраға басқарады.
Кеңестің төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды және нақтылайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді, Кеңес шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі үшін дербес жауапты болады.
Кеңес төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
9. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (21.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
10. Жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (21.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
11. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.11.2013 жылғы № 1249 Қаулысымен (11.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
12. Кеңестің отырыстары Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды болады. Кеңестің мүшелері оның қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады.
13. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
13-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (21.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
14. Кеңес отырыстарына Кеңес мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
15. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (21.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңес отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
16. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (21.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
5. Кеңестің қызметін тоқтату
17. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1142 қаулысына қосымша
Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.11.2013 жылғы № 1249 Қаулысымен (11.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (21.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) Қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің құрамы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі (келісім бойынша)
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы (келісім бойынша)
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
«Қазақстан кәсіпкерлері форумы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан құрылыс салушылары қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
«Қазақстан астықты қайта емдеушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің құрылтайшылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Полная версия