1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық меншік болып табылатын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізудің және шығарудың тәртібін белгілейді. Ереже "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 23.01.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 ақпан N 237
"Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі бекітілсін. 2. Құпия. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 237 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау ережесі Жалпы ережелер
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік материалдық резерв - жұмылдыру мұқтаждарына және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезінде бірінші кезектегі жұмыстарды қамтамасыз етуге, ізгілік көмегін көрсетуге және рынокқа реттеушілік ықпал жасауға арналған Үкімет шешімдерімен айқындалған материалдық құндылықтардың жалпымемлекеттік ерекше қоры;
2) сақтау нормасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен номенклатура бойынша материалдық құндылықтарды сақтау көлемі;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарымен операция жасау жоспары - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жаңалау мерзімдері, алмастыру және броньнан шығару бойынша жеткізу және шығару (бұдан әрі - Операция жасау жоспары).
Мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізу
3. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке жеткізіп беруге тапсырыстар оларды жеткізіп берушілер арасында:
республикалық бюджет қаражаты есебінен, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен;
Полная версия