Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.03.2011
Еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2333 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 24.03.2011 № 269 Қаулысымен (25.12.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін)
Қаулының бүкіл мәтіні бойынша «Индустрия» сөз «Экономикалық даму» сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 21.07.2010 № 750 Қаулысымен. (31.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 25.12.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік одағының бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қауымдастығының кедендік одақ комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімінің 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің (бұдан әрі - ет) кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісі;
2) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерден шығарылған және әкелінген етті қоспағанда, етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін тарифтік квоталар көлемін бөлу бекітілсін.
3) Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ет жеткізушілер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар арасында тарифтік квоталар бөлінсін.
4) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды және жеке тұлғаларға тарифтік квота шегінде ет импортына лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңды және жеке тұлғалардың етті осы қаулыға қосымшаларда көрсетілген көлемде әкелуін бақылауды қамтамасыз етсін және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне Ауыл шаруашылығы және Экономикалық даму және сауда министрліктеріне өнім берушілер мен шығарылған елі бөлінісінде ет әкелудің нақты көлемі туралы ақпарат берсін.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 2333 қаулысымен
 бекітілген
Оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісі
1. Осы Оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу әдісі (бұдан әрі - Әдіс) сыртқы сауда қызметін реттеу құралы ретінде тарифтік квоталарды қолдану тәртібін айқындау мақсатында әзірленді.
2. Осы Әдістің әрекеті ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен тіркелген орнына қарамастан барлық заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
3. Осы Әдісте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тарихи өнім беруші - бұдан бұрынғы кезеңде оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін алыс шетелден әкелуді жүзеге асырған заңды немесе жеке тұлға;
2) жаңа өнім беруші - тарифтік квоталар енгізілген жылдың тікелей алдындағы жыл ішінде оларға қатысты тарифтік квоталарын енгізілген еттің кейбір түрлерін алыс шетелден әкелуді жүзеге асырған заңды немесе жеке тұлға;
3) тарифтік квотаның көлемі - импортына импорттық кедендік баждардың квотаішілік ставкалары бойынша салық салынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарлардың саны;
4) бұрынғы кезең — тарифтік квота енгізілген жылдың тікелей алдындағы екі жыл;
5) уәкілетті орган - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган.
4. Тарифтік квотаны тарихи жеткізушілер арасында бөлу бұрынғы кезеңде әкелінген олардың импорты көлемінің үлес салмағы негізінде бұрынғы кезең ішіндегі импортының орташа көлемінде жүзеге асырылады.
Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квотаны бөлу тікелей бұрынғы жылы тарифтік квота енгізілген жыл ішінде әкелінген олардың импорты көлемінің 70%-ы үлес салмағы негізінде бұрынғы кезең ішіндегі импортының орташа көлемінде жүзеге асырылады.
5. Бұрынғы кезең ішінде импортының орташа көлемі бұрынғы кезең ішінде импортының нақты көлемінің қарапайым орташа шамасы ретінде есептеледі.
6. Өнім берушілердің әрқайсысының есептелген үлес салмағы негізінде олардың әрқайсысы үшін тарифтік квотаның жалпы көлеміндегі тарифтік квота мөлшері айқындалады.
Өнім берушілердің тарифтік квоталар көлемінің нәтижелері деп үтірден кейін үш белгіге дейін математикалық дөңгелектелген сан түсініледі.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2010 № 1411 Қаулысымен. (21.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Өнім берушілер арасында бөлінетін тарифтік квота мынадай өлшемдерге сәйкес болуы тиіс:
1) алыс шетелден ет әкелуді жүзеге асыру;
2) әкелу көлемі 25 кг-нан кем болмауы тиіс.
8. Өнім берушілер арасында тарифтік квотаны бөлу олардың квотаны алуға қатысты тең құқылығына және меншік нысанының белгілеріне, тіркелген орнына немесе нарықтағы жағдайына қарай кемсітпеушілікке негізделеді.
9. Ірі қара малдың жас немесе тоңазытылған етінің импорты үшін тарифтік квотаны бөлу (СЭҚ ТН коды 0201) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтінімдер беру кезектілігі тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Пайдаланылмаған тарифтік квотаның көлемін бөлу
10. Егер тарифтік квота көлемі бұрынғы екі жыл ішіндегі импорттың орташа көлемінен асып кеткен жағдайда, тарифтік квотаның бөлінбеген бір бөлігі тарифтік квота қолданысының 3 тоқсаны өткен соң осы Әдістің 4 - 7-тармақтарында белгіленген тәртіппен бөлінеді.
5. Тарифтік квоталарды өнім беруші елдер арасында бөлу
11. Тарифтік квота қажет болған жағдайда өнім беруші елдер арасында бұрынғы кезең ішінде көрсетілген елдер импортының көлеміне тепе-тең бөлінеді.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.07.2010 № 750 Қаулысымен. (31.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 2333 қаулысымен
 бекітілген
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдерден шығарылған және әкелінген етті қоспағанда, етті Қазақстан Республикасының аумағына әкелу үшін тарифтік квоталар көлемін бөлу
Көлемдерді бөлуге өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.07.2010 № 750, 25.12.2010 № 1411 Қаулыларымен. (31.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
 
СЭҚ ТН коды Тауардың атауы, тауарлардың шыққан елі Көлемі, тонна
0201 Ірі қара малдың еті, жас немесе тоңазытылған 20
0202 Ірі қара малдың еті, мұздатылған 10 000
0203 Шошқаның жас, тоңазытылған немесе мұздатылған еті 7 400
0207 0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған 110 000
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 2333 қаулысына
 қосымша
Ет жеткізушілер болып табылатын заңды және жеке тұлғалар арасында тарифтік квоталарды бөлу
қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2010 № 1411 Қаулысымен. (21.07.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
 
Р/с
СЭҚ-ке қатысушылардың атауы СЭҚ-ке қатысушылардың СТН-і тонна
1 2 3 4
Ірі қара малдың еті, мұздатылған (СЭҚ ТН 0202 коды)
1 «Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100235356 966,163
2 «Etalim Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 620300298576 833,089
3 «Фирма «Рассвет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800258789 570,717
4 «Опт Торг Group plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 391700222672 309,808
5 «Агора-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800228171 223,560
6 «Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500244239 1 313,687
7 «Класс Продукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» біріккен кәсіпорны 150900009128 595,843
8 «United Industries» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400520260 541,954
9 «Семей ет комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 182700217070 386,013
10 ЖК Сулейманов Жигерхан Девлетханович жеке куәлігі № 014764863 ҚР ІІМ берген 430110158050 332,889
11 «Constant-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600700207397 95,281
12 «Алем Трейд KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600300562966 8,673
13 «Golden fish ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400531728 1,362
14 «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 271800004553 1 574,700
15 «Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400236114 1 216,701
16 «Жайық-Ет» ет өңдеу кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 270100211403 249,763
17 Сұлтанғалиев Асан Мендібайұлы ЖК «Агропродукт ЛТД» 271812413934 146,523
18 «Нұр Май Фарм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 090400222753 261,109
19 «Zаmаn» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500257638 186,706
20 «Асадар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 182700238227 116,275
21 «Kazakhstan Commerce Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400540749 67,400
22 «Салтанат» қонақ үй кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600900168895 0,123
23 «Seafood Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600800522316 0,909
24 «Gateway support services ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600900178755 0,728
25 «Лигабуе Центральная Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600900138740 0,024

Жиыны
10 000,0
Шошқаның жас, тоңазытылған немесе мұздатылған еті (СЭҚ ТН 0203 коды)
1 «Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100235356 1 941,170
2 «Оптовая Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 090500217222 1 753,336
3 «КРОМЭКСПО-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400503810 1 236,734
4 «Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400236114 674,778
5 «Etalim Group» жауапкершілігі шектеулі сеглктестігі 620300298576 475,011
6 «Павлодарский Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500246863 107,824
7 ЖК Звягинцев Виктор Александрович 271810163811 89,770
8 «Агора-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800228171 51,429
9 «Unimpex» жауатсершілігі шектеулі серіктестігі 270100235587 50,361
10 «Беккер и К» БК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысанындағы Қазақстан-Герман бірлескен кәсіпорны 600200026766 164,829
11 «Класс Продукт» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 150900009128 87,579
12 Қуатов Сағидолла Самиғоллаұлы ЖК жеке куәлігі № 020859047 271812660697 39,384
13 «Бунк И К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 090500034725 38,294
14 ЖК Трубин Николай Михайлович 301211725531 279,081
15 Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы ЖК «Агропродукт ЛТД» 271812413934 222,937
16 «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 271800004553 6,434
17 «Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500244239 106,607
18 «Артон-KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 182700237702 28,488
19 «Zaman» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500257638 30,108
20 «Агама Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 090400214378 12,818
21 «Constant-A» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600700207397 3,029

Жиыны
7 400,0
0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған (СЭҚ ТН 0207 коды)
1 «Орал Логистик» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100235356 17 270,828
2 «Фахрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400236114 12 246,216
3 «Фирма «Рассвет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800258789 11 143,433
4 «АЛТА-ХХІ век» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 391700074672 7 152,357
5 «Агора-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800228171 5 451,629
6 «Каскад LLC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500214062 5 042,736
7 «Опт Торг Company plus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 391700222672 4 747,412
8 «Казпродукт-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 301900217816 4 518,262
9 «Хладоленд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100219859 3 846,512
10 «Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 302000063623 2 864,224
11 «Казрос-П Сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600900163377 2 652,466
12 «Алмас-2000» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 301900211581 4 510,331
13 «Фрост Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 582100259756 1 875,463
14 «Оптовая Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 090500217222 1 525,104
15 «Табиғат-Сервис Д.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400511570 1 034,953
16 «КРОМЭКСПО-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400503810 814,671
17 «Жайық-Ет» ет өңдеу кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100211403 182,672
18 ЖК Звягинцев Виктор Александрович 271810163811 96,729
19 «Ұлан-Б» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 582100271440 6 132,531
20 «Заман-PVL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500244239 3 514,419
21 Мамешев Рахим Рахатұлы 061811124557 649,121
22 «Рид-Ақтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 430600020072 451,373
23 «The Caspian international restaurants company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600700587757 84,804
24 «Ибрагим» Орал ет өңдеу комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100218620 77,366
25 Куатов Сағидолла Самиғоллаұлы ЖК 271812660697 144,026
26 «Класс Продукт» БК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 150900009128 27,966
27 «Golden fish ltd.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600400531728 9,782
28 «Интерфуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы 090900021750 1,088
29 «Айс Фуд Астана Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 620300307634 4 643,255
30 «Голд Фрейк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600700610810 1 911,954
31 «Прод Сервис Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800284854 915,072
32 «Престиж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600700184636 840,434
33 «Саңылау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500255616 498,177
34 Сұлтанғалиев Асан Меңдібайұлы «Агропродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 271812413934 387,826
35 «Компания «Домино» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 031400152673 74,152
36 «Гиперион» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 302000226273 16,099
37 «Meat team» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600500578497 614,745
38 «Талапкер плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800279110 473,971
39 «Zaman» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 451500257638 438,680
40 «Ақтау Инвест Құрылыс-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 430100252482 406,261
41 ЖК Сулейманов Жигерхан Девлетханович жеке куәлігі № 014764863 ҚР ІІМ берген 430110158050 420,363
42 «Дара Трейд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800251099 157,990
43 «Стерх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 361800035735 66,678
44 Ваннер Алексей Павлович 091710115972 15,047
45 «Казар» Сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800078340 15,021
46 Кәрібекова Күлпән Қонысбайқызы жеке куәлігі № 006891878 ҚР ІІМ берген 061811079063 13,994
47 «Кабиев и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 061800090878 17,944
48 «Вик Трейд Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 270100238427 2,991
49 «Interfood» («Интерфуд») ҚГБК жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600900146916 0,319
50 «Seafood Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600800522316 0,390
51 «Агама Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 090400214378 0,191
52 "Food line" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 600900602223 0,002

Жиыны
110 000,0
Полная версия
ИС BestProfi