Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі N 675 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                  К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 9 шілдедегі
N 675 қаулысымен
бекітілген
"Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2013 жылғы № 1396 Қаулысымен (30.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Техникалық регламентті техникалық реттеу объектілері қозғалтқышының жұмыс көлемі 50 см3  асатын және ең жоғары конструкциялық жылдамдығы 50 км/сағ жоғары М1  М2, М3, N1, N2  және N3  санатындағы механикалық көлік құралдары және осы Техникалық регламентке қосымшаға сәйкес жіктелетін, Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын және пайдаланылатын, сондай-ақ олардың конструкцияларына өзгерістер енгізген (қайта жабдықтаған) кезде және оларды пайдалану (пайдаға асыру) мерзімі аяқталған кезеңде О1, О2, О3  және О4  санатындағы олардың тіркемелері болып табылады. 
Осы Техникалық регламенттің әрекеті мынадай: 
ең жоғары конструкциялық жылдамдығы кемінде 25 км/сағ болатын ақырын жүретін; 
Қазақстан Республикасының аумағына кемінде алты ай мерзімге әкелінетін немесе олар иеліктен айыру мүмкіндігін көздемейтін кедендік режімдерге орналастырылатын; 
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында пайдалануға арналмаған; 
тек қана спорт жарыстарына арналған механикалық көлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктеріне қолданылмайды.
мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде сатып алынатын автокөлік құралдары механикалық көлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктеріне қолданылмайды.
2. Техникалық регламентте "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңында  белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2013 жылғы № 1396 Қаулысымен (30.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
автокөлік құралы - осы Техникалық регламентке 1-қосымшада  келтірілген тізбеге кіретін қозғалтқышы бар қондырғы немесе осындай қондырғының тіркемесі (жартылай тіркемесі);
өндірістің жай-күйін талдау - оның аккредиттеу саласына автокөлік құралдары және олардың құрамдас бөліктері, өнімнің өндірісін және өнім жағдайларын (өтініш берілген типтері мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес өнімді өндіру үшін қажетті барабар шаралар мен рәсімдердің болуын сол жерде бағалау) тексеруді ұйымдастыруға қатысты құжаттаманы талдау кіретін, оның құзыретіне сәйкес сәйкестендіруді растау жөніндегі орган атқаратын рәсімдердің жиынтығы;
Полная версия
ИС BestProfi