«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2016
Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі N 775 Қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.01.2013 жылғы № 47 Қаулысымен (03.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 21.11.2016 жылғы № 714 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 47 Қаулысымен (03.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 775 қаулысымен бекітілген
Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 28.01.2013 № 47 Қаулысымен (03.07.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жұмыс технологиялық карталары – теңіз портында жүктерді өңдеу, қоймаға жинау және жүктерді кемеге тиеу мен жүктерді кемеден түсірудің технологиялық процестерін сипаттайтын порттың техникалық құжаттары;
2) бақылау органдары – кедендік, шекаралық, фитосанитарлық, ветеринарлық, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер, Порттың теңіз әкімшілігі;
3) тальмандық қолхат – кемеден/ге жүктерді қабылдау немесе түсіру кезіндегі жүктің саны мен оның жай-күйін куәландыратын және жүк орындары есебінің фактісін растайтын жүк құжаты;
4) штурмандық қолхат – капитанның аға көмекшісі беретін және қол қоятын кеме бортына жүк қабылданғанын растайтын құжат;
5) қабылдау актісі – порт қызметкері мен экспедитор қол қойған порт терминалының жүк қоймасына жүк қабылдау фактісін куәландыратын құжат;
6) ХТЖҚК жүкқұжаты (Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісім) – жүк жөнелтуші мен темір жол арасында жасалатын тасымалдау шартын куәландыратын халықаралық құжат;
7) жүк манифесі – жүк туралы барлық негізгі мәліметтері әр порт бойынша бөлек жазылған құжат;
8) жүк жоспары (карго жоспары) – жүк үй-жайларын неғұрлым оңтайлы пайдалану мақсатында жүкті теңіз кемесінде орналастыру жоспары;
Полная версия