Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2016
"Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 775 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 47 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 21.11.2016 жылғы № 714 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 775 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 46, 616-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 28 қаңтардағы
 № 47 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 3 шілдедегі
 № 775 қаулысымен
 бекітілген
Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары
1. Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын, порт құрылыстарын және теңіз порты акваториясын пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жұмыс технологиялық карталары – теңіз портында жүктерді өңдеу, қоймаға жинау және жүктерді кемеге тиеу мен жүктерді кемеден түсірудің технологиялық процестерін сипаттайтын порттың техникалық құжаттары;
2) бақылау органдары – кедендік, шекаралық, фитосанитарлық, ветеринарлық, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер, Порттың теңіз әкімшілігі;
3) тальмандық қолхат – кемеден/ге жүктерді қабылдау немесе түсіру кезіндегі жүктің саны мен оның жай-күйін куәландыратын және жүк орындары есебінің фактісін растайтын жүк құжаты;
Полная версия
ИС BestProfi