Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2021
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 271 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.08.2021 жылғы № 552 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.07.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 271 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат):
бүкіл мәтін бойынша:
«жеткізушіде (дайындаушыда, сатушыда)», «жеткізушінің (дайындаушының, сатушының)», «жеткізуші (дайындаушы, сатушы)» деген сөздер тиісінше «дайындаушыда (орындаушыда)», «дайындаушының (орындаушының)», «дайындаушы (орындаушы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«түзеу іс-шараларын», «түзеу іс-шаралары» деген сөздер тиісінше «түзеу әрекеттерін», «түзеу әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
«дайындаушы, сатушы» деген сөз «дайындаушы (орындаушы)» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тарауда:
«басқа да нормативтік құжаттың» деген сөздер «басқа да нормативтік құжаттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сынақтарды» деген сөз «сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1) өнімнің сәйкестендірілуін жүргізуге, оның ішінде жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттамаға сәйкестігін, шыққан жерін, осы партияға жататындығын, сондай-ақ өнімнің техникалық регламентке және нормативтік құжатқа, тауарға ілеспе құжатқа, жеткізуге арналған шартқа (келісімшартқа), ерекшелікке, затбелгіне, заттаңбаға және өнімді сипаттайтын басқа құжатқа сәйкестікті растау үшін жиынтығында жеткілікті белгілерді, параметрлері, көрсеткіштері және талаптары бойынша сәйкестігін тексеруге. Сәйкестендіру кезінде импорттаушының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарын өнімді таңбалауға қажетті ақпарат бөлігінде сақталуы ескертілуге тиіс;»;
«Сәйкестікті растау схемасын өтініш беруші сәйкестікті растау органымен бірлесіп анықтайды.»;
26-тармақтағы «осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда және зертхана құжаттарында белгіленеді» деген сөздер «зертхана белгілейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Өндірістің жай-күйін талдау кезінде мыналар тексеріледі:»;
48-тармақтың екінші бөлігіндегі «көлемі, мазмұны мен жүргізу тәртібі осы өнімге арналған нормативтік құжаттарда белгіленеді» деген сөздер «көлемін, мазмұны мен жүргізу тәртібін орган белгілейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «басқа да» деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшадағы «немесе кәсіпорын өндірісінің» деген сөздер алынып тасталсын;
90-тармақтың 2) тармақшасында «89» деген сандар «85» деген сандармен ауыстырылсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 2-қосымшада:
«инспекциялық тексеруге» деген сөздер «инспекциялық бақылаумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 4-қосымшада:
тақырыбындағы «200__ жылғы «____»___________ » деген сөздердің алдынан «20___ж. «____» ________ №______ өтінім бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 6-қосымшада:
«Қызметтерді сертификаттау схемаларын қолдану» деген бөлімнің екінші абзацында «Кәсіпкер-азаматтар» деген сөздер «жеке кәсіпкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкiметiнiң 30.07.2012 № 1004 Қаулысымен (24.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(01.07.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкiметiнiң 30.07.2012 № 1004 Қаулысымен (24.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(01.07.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы № 271 қаулысына қосымша Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қосымшаның күшін жойды ҚР Үкiметiнiң 30.07.2012 № 1004 Қаулысымен (24.03.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(01.07.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Полная версия