Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.08.2021
"Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.08.2021 жылғы № 552 Қаулысына сәйкес 
Редакция 21.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 4 ақпандағы
 N 90 қаулысымен
 бекітілген
"Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламенті
Бүкіл мәтін бойынша: «жеткізушіде (18.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз)(дайындаушыда, сатушыда)», «жеткізушінің (дайындаушының, сатушының)», «жеткізуші (дайындаушы, сатушы)» сөздер тиісінше «дайындаушыда (орындаушыда)», «дайындаушының (орындаушының)», «дайындаушы (орындаушы)» сөздермен ауыстырылды; «түзеу іс-шараларын», «түзеу іс-шаралары» сөздер тиісінше «түзеу әрекеттерін», «түзеу әрекеттері» сөздермен ауыстырылды; «дайындаушы, сатушы» сөз «дайындаушы (орындаушы)» сөзбен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 24.03.2011 № 271 Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы техникалық регламент (бұдан әрі – регламент) дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдардан және медициналық техникадан басқа өнімнің, немесе қызметтердің (сәйкестік туралы декларацияны қабылдау немесе сәйкестік сертификатын беру түрінде) регламенттермен, стандарттармен немесе шарттар талаптарымен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде қолданылады.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.01.2013 № 15 (18.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Регламент сәйкестікті міндетті және ерікті растау кезінде қолданылады. 
Өзге регламенттермен өнім өндірісінің ерекшелігін, қызметтер көрсетуді сынақтарды, өнімді беруді және пайдалануды ескеретін, бірақ осы Регламентке қайшы келмейтін өнімдердің немесе қызметтердің сәйкестігін растаудың басқа да рәсімдері белгіленуі мүмкін.
3. Сәйкестікті растау кезінде өнімнің адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін регламенттердің, нақты стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігі, объектінің сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын әрекеттердің алдын алу расталады. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.01.2009 № 13 Қаулысымен. (04.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Сәйкестікті ерікті растаған кезде өнімнің немесе қызметтердің стандарттардың немесе өтінім берушінің таңдауына қарай басқа да нормативтік құжаттардың, сондай-ақ өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігі расталады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.03.2011 № 271 Қаулысымен (18.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Сәйкестікті растау рәсімдерін тек сәйкестікті растау жөніндегі органдар (бұдан әрі - Орган) және осындай сәйкестікті растау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) ғана жүргізеді.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.03.2011 № 271 Қаулысымен (18.11.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты шығыстарды оның нәтижелеріне қарамастан шарт негізінде өтінім беруші төлейді.
7. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттары (бұдан әрі - Сертификат) өнімді сынау хаттамалары, сәйкестік белгілері халықаралық шарттарға сәйкес танылады. 
Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік құжаттарды тану техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
8. Осы Регламентте белгіленген сәйкестікті растау рәсімдеріне қойылатын жалпы талаптар Халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымның және Халықаралық электротехникалық комиссияның құжаттарына сәйкес келеді.
Полная версия
ИС BestProfi