Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.11.2014
Сотталған әскери қызметшiлердiң қылмысты жазаларын өтеу ережесiн бекiту және күшiне енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі 2000 жылғы 3 шілдедегі N 182 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 қарашада N 1298 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қорғаныс министрінің 26.11.2014 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес
Редакция 20.07.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Cотталған әскери қызметшiлерiнiң бұдан әрi жазаларды орындауларын жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
Кіріспе өзгертілді ҚР Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 266 бұйрығымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1. Қоса берiлiп отырған сотталған әскери қызметшiлерiнiң қылмыстық жазаларын өтеу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 378 бұйрығымен.
2. Қорғаныс министрiнiң орынбасарлары, Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас штабы департаменттерiнiң, бас басқармаларының, басқармалары мен қызметтерiнiң бастықтары, Қазақстан Республикасының қарулы Күштерiнiң түрлерiнiң қолбасшылары бiрлестiктердiң, құрамалардың және әскери бөлiмдердiң командирлерi, әскери мекемелердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың, әскери-оқу орындарының бастықтары мен әскери комиссарлар осы Ереженi басшылыққа алсын. 
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi генерал-лейтенант
"Бекітемін" 
Қазақстан Республикасы  
Қорғаныс министрi  Аппаратының 
Құжаттамалық қамтамасыз 
ету Департаментінің бастығы 
2000 жылғы " "_____________
N 5 жіберілім - үлгі көрсеткіші 
 бойынша жіберу көрсеткіші
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  
 Әскери полиция бас басқармасы
Қазақстан Республикасы
 Қорғаныс министрiнiң
 2000 жылғы 3 шiлдедегі
 N 182 бұйрығымен
 бекiтiлдi
Сотталған әскери қызметшiлерiнiң қылмыстық жазаларын өтеу ЕРЕЖЕСI
Ереженің тақырыбы өзгертілді ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 378 бұйрығымен.
1. Жаза дегенiмiз соттың өкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы. Соттың заңды күшiне енген үкiмi немесе қаулысы, сондай-ақ рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi жазаны атқару негiздемесi болып табылады. 
2. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады.  
Сотталғанды түзеу - оның бойында құқық ұстанушылық мiнез-құлықты, жеке адамға, қоғамға, қызметке, еңбекке, адамзат қоғамының нормаларына, ережелерi мен дәстүрлерiне оң көзқарастарды қалыптастыру.  
Түзеу құралдары жазаның түрiн, жасалған қылмыстың сипатын, қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, кiнә нысаны мен себептерiн, сотталушының жеке басы мен мiнез-құлқын ескере отырып қолданылады. 
3. Қазақстан Республикасы сотталғандардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн құрметтейдi және қорғайды, олардың түзелуiне қажеттi жағдайларды, әлеуметтiк әдiлеттiлiк кепiлдiгiн, олардың жазаларды атқару кезiнде жеке басының әлеуметтiк, құқықтық және өзге де қорғалуын қамтамасыз етедi. 
4. Әскери қызмет өткерiп жүрген сотталған әскери қызметшiлер, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен қатар (бұдан әрi - сотталған әскери қызметшiлер) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жазасын өтейдi және әскери қызмет өткередi. Сотталған әскери қызметшiлердi жазалау Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексiнiң талаптарына, өзге де заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес орындалады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы № 378 бұйрығымен.
Полная версия
ИС BestProfi