Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 552 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Коса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 26 қарашадағы
№ 552 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Сотталған әскери қызметшiлердiң қылмысты жазаларын өтеу ережесiн бекiту және күшiне енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі 2000 жылғы 3 шілдедегі № 182 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2000 жылғы 22 қарашада № 1298 болып тіркелген);
2) «Сотталған әскери қызметшiлердiң қылмысты жазаларын өтеу ережесiн бекiту және күшiне енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі 2000 жылғы 3 шілдедегі № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі 2003 жылғы 6 қарашадағы № 378 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 1 желтоқсанда № 2588 болып тіркелген);
3) «Сотталған әскери қызметшiлердiң қылмысты жазаларын өтеу ережесiн бекiту және күшiне енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі 2000 жылғы 3 шілдедегі № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі 2005 жылғы 20 шілдедегі № 266 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 1 желтоқсанда № 2588 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 15 желтоқсанда № 171-172(796) болып жарияланған).
Полная версия
ИС BestProfi