Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 42 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабының 7-тармағына және "2012 - 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 211-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2012 жылғы 13 қаңтардағы
 № 42 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2011 жылғы 8 ақпандағы
 № 94 қаулысымен
 бекiтілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы. Қазақстан Республикасының экономикалық өсуін және экономикасының жоғары бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізуге жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік қаржының тұрақтылығын, сенімділігін және теңгерімділігін қамтамасыз ету.
Пайымдауы. Неғұрлым дамыған, орнықты және прогрессивті эволюцияланатын жүйелердің бірі ретінде әлемдік қоғамдастық саралайтын мемлекеттік қаржының тиімді жұмыс істейтін жүйесі.
2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларын (аяларын) дамыту үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Нәтижеге бағдарланған бюджетті қалыптастыру
Бюджеттің толық және уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттерді жоспарлау және атқару сапасын арттыру, бюджеттердің атқарылуына және мемлекеттік мекемелердің шоттарына қазынашылық қызмет көрсету, мемлекеттік сатып алу процесінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
2009 жылы әлемдегі тұтынудың жаһандық қысқаруы салдарынан Қазақстан экономикасының салаларындағы іскерлік белсенділіктің баяулауына байланысты бюджет жүйесі кірістерінің күрт қысқарғаны байқалды. Мәселен, егер 2008 жылы ЖІӨ-нің 25,1%-ы мемлекеттік бюджет арқылы қайта бөлінген болса, онда дәл осындай көрсеткіш 2009 жылдың қорытындылары бойынша 20,6%-ды құрады. Мемлекеттік бюджет кірістері 2009 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 13,1%-ға қысқарды.
Ел үкiметi шығыстарды оңтайландыру және әлеуметтік төлемдерді арттыру және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру арқылы тұтынушылық сұранысты бюджеттік ынталандыру мақсатында оларды қайта бағдарлау жолымен республикалық бюджеттің едәуiр тапшылығына жол бермедi.
2010 жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттің тапшылығы ЖІӨ-ге 2,5%-ды құрады, бұл 2010 жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген көрсеткіштен төмен. Салыстыру үшін, басқа елдерде бюджет тапшылығы: АҚШ-та – ЖІӨ-нің 8%-ын, Жапонияда – ЖІӨ-нің 7,6%-ын, Ресейде – ЖІӨ-нің 4,1%-ын, Қытайда – ЖІӨ-нің 2,8%-ын, Ұлыбританияда – ЖІӨ-нің 7,9%-ын, Францияда – ЖІӨ-нің 5%-ын, Украинада – ЖІӨ-нің 5%-ын, Белоруссияда – ЖІӨ-нің 3%-ын құрады. Қазақстанда республикалық бюджеттің тапшылығын одан әрі кезең-кезеңмен, ал 2014 жылы ЖІӨ-нің 1,3%-ына дейін төмендету жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлаудың жаңа жүйесi бекітілген, оның негізгі элементі мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары болды.
Полная версия
ИС BestProfi