Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.09.2015
Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1463 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 610 Қаулысына сәйкес
«Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 27.04.2015 жылғы № 269 Бұйрығын қараңыз
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 49 және 50-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                               К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 5 желтоқсандағы
 № 1463 қаулысымен
 бекітілген
Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары
1. Осы жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында медициналық көмектің аталған түрлерін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жағдайлар туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.
3. Санитариялық авиация – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
4. Мыналар ЖМК көрсетудің негіздемелері болып табылады:
1) уақтылы медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда жағдайдың ауырлауына немесе өлімге алып келуі мүмкін, өмірге тікелей төнген қауіп;
2) өмірге тікелей қаупі жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты қауіпті кезең кез келген уақытта басталуы мүмкін;
3) өмірге қаупі жоқ, бірақ қоршаған ортаға тікелей қауіп төндіретін жай-күй.
5. ЖМК көрсетуді қажетті емдік-диагностикалық жабдықпен, дәрі-дәрмектермен жарақталған және дайындалған білікті медициналық қызметкерлермен жасақталған көшпелі бригадалар жүзеге асырады.
6. Жедел медициналық көмек ұйымы (станция, бөлімше) (бұдан әрі – ЖМКҰ) ересектер мен балаларға өміріне қауіп төндіретін жағдайларда, жазатайым оқиғаларда, ауыр науқастарға оқиға болған жерде де, жол жүрген кезде де тәулік бойы жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым болып табылады. ЖМКҰ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының барлық аумағында ЖМК мен санитариялық авиация қызметінің үйлестірушісі болып табылады.
7. Ірі қалалар мен аудан орталықтарында жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ЖМКҰ құрамында кіші станциялар ұйымдастырылады. Кіші станцияларға қызмет көрсету аудандарын мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдары шұғыл және жедел медициналық станцияның бас дәрігерінің ұсынысы бойынша бекітеді. Кіші станциялар 15 минутта көлікпен жетуді қамтамасыз ету есебімен ұйымдастырылады. Кіші станциялардың қызмет көрсету аймақтары халықтың саны, тығыздығы және жас мөлшерінің құрамы, құрылыс ерекшеліктері, ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарының, ірі ауыл шаруашылығы кешендерінің тығыздығы, көліктік магистральдардың болуы және жағдайы, қозғалыс қарқындылығы және өңірдің басқа да ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.
8. ЖМКҰ әрбір 100 мың тұрғынға 2 тіркелмелі қалалық телефон байланысымен, бірақ 2-ден аз болмауы тиіс (оның ішінде медициналық ұйымдармен, Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, Көлік және байланыс министрлігінің қызметтерімен – жол-пайдалану учаскелері), қалааралық байланыс телефонымен, сондай-ақ көшпелі бригадалармен радио байланыспен қамтамасыз етіледі.
Полная версия
ИС BestProfi