Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзара сақтандыру қоғамдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 22 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6158 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 7 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 304 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
3-тармақтың күшін жойды ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 03.09.2010 № 128 Қаулысымен (01.03.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада № 11 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықта:
кіріспедегі «, оның ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары» деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың 4) тармақшасындағы «(уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін 150 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде)» деген сөздер алынып тасталсын;
6-тармақтың 5) тармақшасындағы «(уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін 100 000 000 теңгеден аспайтын мөлшердегі)» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымынан басқа» деген сөздер алынып тасталсын;
22-тармақтың 3) тармақшасы «егер мұндай өтеу» деген сөздерден кейін «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен толықтырылсын;
А aралық жиынтығы: Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер «1010» > 1 500 000 000, онда [1 500 000 000 х 0,18 + («1010» - 1 500 000 000) х 0,16]; егер «1010» < 1 500 000 000, онда «1010» х 0,18)
Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері ("төлем жасау әдісі"): Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер «2030» > 1 000 000 000, онда [(1 000 000 000 х 0,26 + («2030» - 1 000 000 000) х 0,23) х «1300»]; егер «2030» < 1 000 000 000, онда «2030» х 0,26 х «1300»)
Нақты төлем қабілеттілігі маржасы есебіне енгізілген сома: Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер «211» > 0,5 х («100» немесе «400» барынша төмен шек), онда 0,5 х («100» немесе «400» барынша төмен шек); егер «211» < 0,5 х («100» немесе «400», барынша төмен шек), онда «211»)
«** - уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін бұл толтырылмайды» деген символдар мен сөздер алынып тасталсын;
А aралық жиынтығы: Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер «3100» > 1 500 000 000, онда [1 500 000 000 х 0,18 + («3100» - 1 500 000 000) х 0,16]; егер «3100» < 1 500 000 000, онда «3100» х 0,18)
Төлем қабілеттілігі маржасының барынша төмен мөлшері ("төлем жасау әдісімен"): Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін (егер «3500» > 1 000 000 000, онда [(1 000 000 000 х 0,26 + («3500» - 1 000 000 000) х 0,23) х «3300»]; егер «3500» < 1 000 000 000, онда «3500» х 0,26 х «3300»)
Нақты төлем қабілеттілігі маржасы есебіне енгізілген сома: Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін (егер «211» > 0,5 х («100» немесе «400», барынша төмен шек), онда 0,5 х («100» немесе «400», барынша төмен шек); егер «211» < 0,5 х («100» немесе «400», барынша төмен шек), онда «211»)
«** - уәкілетті орган берген лицензия негізінде өзара сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы бұл жолдарды толтырмайды» деген символдар мен сөздер алынып тасталсын;
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.