Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.09.2010
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 290 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.09.2010 № 978 Қаулысымен (01.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 334 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 179-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 1 сәуірдегі
 № 268 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 8 сәуірдегі
 № 334 қаулысымен
 бекітілген
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
 пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
 кызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін
 қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және
 жүргізу ережесі
1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 12-тармақшасына сәйкес әзірленген және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Ережеде Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және келісім-шарттарды жасасу мен оларды орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан әрекет ететін мемлекеттік орган;
тізілім - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесі;
өндіруші - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды өндіретін және (немесе) жеткізетін және (немесе) жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігі мен мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық белгілер жиынтығы. Электрондық цифрлық қолтаңба заңдық күші бойынша электрондық құжаттарды дәстүрлі қағаз құжаттарына теңестіреді және хабарламаны алушыға хабарламаға кімнің қол қоюы керек болса, дәл соның өзі қол қойғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді.
3. Тізілімді құзыретті орган қалыптастырады және жүргізеді.
2. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу
4. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
5. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді қалыптастыру құзыретті орган бекіткен нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламаларының мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.
Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндірушілер туралы мәліметтерді қалыптастыру өндірушілер ұсынған мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және оларды өндірушілер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;
2) өндірушілер ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілер тізілімнен шығарылған кезде тізілімді жаңарту;
3) жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде тізілімді жаңарту;
4) тізілімді «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне орналастыру түсініледі.
7. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер және оларды өндірушілер тізбесін Ереженің 1-қосымшасына сәйкес уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылған қағаз тасығышта тоқсан сайын құзыретті органдарға ұсынады.
8. Құзыретті орган тізілімді қалыптастыру және жүргізу мақсатында облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдар ұсынған мәліметтерде көрсетілген өндірушілерге оларды және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, олар ұсынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберуі мүмкін.
9. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін жер қойнауын пайдаланушы:
1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге келісім-шарт жасалған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тіркеу сауалнамасын толтыру жолымен «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеледі;
2) «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеу сауалнамасын толтырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде қағаз тасығышта басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куаландырылған сауалнаманы құзыретті органға ұсынады;
3) Ереженің 10-тармағына сәйкес ұсынылатын пайдаланушының аты мен құпия паролін қолданып, «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын ұсынады.
10. Құзыретті орган жер қойнауын пайдаланушыдан қағаз тасығышта уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылған тіркеу сауалнамасын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушының сауалнамасында көрсетілген электрондық мекен-жайға пайдаланушының атын және құпия сөзін жібереді.
11. Тізілімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндірушілер туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін өндіруші ерікті негізде:
1) тіркеу сауалнамасын толтыру жолымен «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде тіркеледі;
2) қағаз тасығышта басшы немесе өзге уәкілетті адам қол қойған және мөрмен куәландырылғн тіркеу сауалнамасын, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне ол енгізілген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде құзыретті органға ұсынады. Резидент еместер мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған, шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатын шетелдік заңды тұлғаны куәландыратын сауда тізілімінен заңдастырылған көшірмені немесе басқа заңдастырылған құжатты ұсынады;
3) Ереженің 12-тармағына сәйкес ұсынылатын пайдаланушының атын және құпия сөзін қолдана отырып ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізеді және оларды басшының немесе уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
1) өндірушіден құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Ереженің 11-тармағы 2) тармақшасына сәйкес өндірушінің Ереженің 13-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өндірушінің сауалнамасында көрсетілген электрондық мекен-жайға пайдаланушының атын және құпия сөзін жібереді;
2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы мәліметтерді өндіруші енгізгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өндірушінің Ереженің 13-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген өлшемге сәйкестігін тексереді;
3) ол Ереженің 13-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес болған жағдайда, өндірушіні «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы тізілімге енгізеді.
13. Мыналар тізілімге енгізу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндірушіні бағалау өлшемдері болып табылады:
1) заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелу;
2) Ереженің 11-тармағы 3) тармақшасына сәйкес өндіруші көрсеткен тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жылдық сатып алу бағдарламасында болуы.
14. Тізілімді жаңарту өндірушілер, жер қойнауын пайдаланушылар ұсынған мәліметтер өзгерген кезде, сондай-ақ өндірушілері тізілімнен шығарылған кезде жүзеге асырылады.
15. Құзыретті орган өндірушіні мынадай жағдайларда тізілімнен шығаруды жүзеге асырады:
16. Тізілімнен шығару үшін өндіруші құзыретті органға өзін тізілімнен шығару туралы өтініш береді.
Құзыретті орган өтініш түскеннен кейін және (немесе) Ереженің 15-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген жағдайлар орын алғанда үш жұмыс күні ішінде өндірушіні тізілімнен шығарады.
17. Тізілімді орналастыру «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
 операцияларды жүргізу кезінде
 пайдаланылатын тауарлардың,
 жұмыстар мен көрсетілетін
 қызметтердің және осы тізілімге
 енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса
 алғанда, оларды өндірушілердің
 тізілімін қалыптастыру және жүргізу
 ережесіне
 1-қосымша
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
 аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
 қызметтердің және оларды өндірушілердің
 тізбесі
 
1 Өндірушінің атауы
2 Облысы
3 Қала (елді-мекен)
4 Көше, үй, офис
5 Телефон
6 Электрондық мекен-жай
7 Веб-сайт
8 Тауардың, жұмыстың, қызметтің атауы
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі
 операцияларды жүргізу кезінде
 пайдаланылатын тауарлардың,
 жұмыстар мен көрсетілетін
 қызметтердің және осы тізілімге
 енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса
 алғанда, оларды өндірушілердің
 тізілімін қалыптастыру және жүргізу
 ережесіне
 2-қосымша
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде
 пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін
 қызметтердің және оларды өндірушілердің
 тізілімі
 
Р/с
СӨЖ1 бойынша тауардың, жұмыстың/қызметтің коды және атауы Тауардың, жұмыстың, қызметтің қосымша сипаты Өндірушінің атауы




1  Қазақстан Республикасының Статистикалық өнім жіктеуіші
Полная версия
ИС BestProfi