Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2010
Оралман мәртебесін беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 224-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 10 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4964 болып енгізілді.
Күші жойылды ҚР Ішкі істер мнистрінің 15.11.2010 № 476 Бұйрығымен (27.09.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н. Әбдиев осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. "Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 17 тамыздағы N 70-б бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3078 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н. Әбдиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген
 Қазақстан Республикасы Еңбек
 және халықты әлеуметтік қорғау
 министрінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі
 N 224-ө Бұйрығымен
1. Осы Ереже "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру тәртібін көздейді (бұдан әрі - Ереже).
2. Осы Ереженің күші Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
2. Оралман мәртебесін беру және оның тіркелуі  
  туралы өтінішті беру тәртібі 
3. Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің бірі өз қолымен уәкілетті органның аумақтық органына тапсырады. Жеке өтініш жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда өтініш беруші уәкілетті өкілге оралман мәртебесін беру туралы арызбен бірге өтінішке нотариалды куәландырылған сенімхат береді.
4. Өтініш беруші мынадай құжаттарды табыс етеді: 
1) оралман мәртебесін беру туралы өтініш ( 1-қосымша ); 
3) өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері (паспорт, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының туу туралы куәлігі); 
Полная версия
ИС BestProfi