«Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексі 483-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 15.07.2015
Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киiмiнің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мен айырым белгiлерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.07.2015 жылғы № 523 Қаулысына сәйкес
Редакция 12.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киiмiнің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері;
2) кеден органдарының лауазымды адамдарын нысанды киiммен және нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары;
3) кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киiмiнің және нысанды киімінің (погонсыз) айырым белгілері бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киiмi мен айырым белгiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1247 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 1062 қаулысына 1-қосымша
Кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киімінің және нысанды киімінің (погонсыз) үлгілері
Қазақстан Республикасы кеден органдарының жоғарғы басшы құрамының үлгі нысанды киімі
1. Ерлерге арналған нысанды киім:
1) қаракөлден тігілген сұр түсті папаха;
2) төбесінің шеттерінде ашық көгілдір түсті жиегі бар, кокарда айналасының айнала жиектері алтын түспен зерленген, күнқағарының жиегіне зерленген таспа жүргізілген көгілдір-сұр немесе көк түсті күнделікті киетін фуражка;
3) теріден тігілген қара түсті күрте;
4) көк түсті жеңіл күрте;
4-1) көгілдір-сұр немесе көк түсті плащ;
1-тармақ 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 12.09.2013 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес
Полная версия