Қазақстан Республикасының " Денсаулық сақтау жүйесi туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы, " Дәрiлiк заттар туралы " 2004 жылғы 13 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Внимание! Документ утратил силу с 15.12.2009
Азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы N 962 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 15.12.2009 № 2135 Қаулысымен (21.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз)
Редакция 21.12.2007 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 63 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 33-құжат);
2) "Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрiлiк заттармен тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 тамыздағы N 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 33, 460-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 қазандағы N 962 қаулысымен бекiтiлген
Азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " Денсаулық сақтау жүйесi туралы ", " Дәрiлiк заттар туралы " заңдарына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының азаматтарын дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудiң бiрыңғай тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi қызмет - дәрiлiк заттарды сатып алу, оларды жеке сату объектiлерiне дейiн тасымалдау, сақтау, есепке алу, азаматтарды амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiлiк заттармен тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызмет;
босатылатын баға - бір әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегіндегі амбулаториялық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша конкурс өткізу нәтижелері бойынша белгіленген босатылатын дәрілік заттардың бағасы;
дәрiлiк формуляр - тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн дәрiлiк заттардың жеткiлiктi мөлшерi болуға мiндеттi, ұйымның бейiнiн ескере отырып қалыптастырылған дәрiлiк заттардың денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекiтетiн тiзбесi;
өтеу коэффициенті - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушіге дәрілік заттың босатылатын бағасынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейтін өтеу коэффициенті;
өтеу сомасы - денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi органдары өтеу коэффициентiн ескере отырып, амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетушiге төлейтiн ақша қаражатының көлемi.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1259 Қаулысымен.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:
1) дәрiлiк заттарға қажеттiлiктi анықтау;
2) дәрiлiк заттарды (амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi) сатып алу;
3) дәрiлiк заттарды бөлу (қайта бөлу);
4) дәрiлiк заттарды сақтау және есепке алу;
5) азаматтарды қамтамасыз ету үшiн дәрiлiк заттарды пайдалану;
6) дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету туралы есеп беру.
2. Азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету
4. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету үшiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган негiзгi (өмiрлiк маңызды) дәрiлiк заттардың тiзiмiн (бұдан әрi - тiзiм) бекiтедi.
5. Тiзiм негiзiнде әрбiр медицина ұйымы дәрiлiк формулярды қалыптастырады, оны медицина ұйымының басшысы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде бекiтедi және ол азаматтарға арналған көрнекi ақпарат орындарында орналастырылады.
6. Дәрiлiк формулярды қалыптастыру және дәрiлiк заттарға қажеттiлiктi анықтау үшiн әрбiр медицина ұйымында формулярлық комиссия құрылады және жұмыс iстейдi.
7. Азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету кезiнде медицина ұйымдарында үнемi дәрi-дәрмек тағайындауды, дәрiлiк заттарды ұтымды пайдалану мен олардың жанама әсерлерiнiң мониторингi нәтижелерiн талдау жүзеге асырылады.
8. Азаматтарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету үшiн жеткiлiктi көлемде дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету мақсатында медицина ұйымдары жыл сайын, жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырынан кеш емес мерзiмде, келесi күнтiзбелiк жылға арналған дәрiлiк заттарға қажеттiлiктi айқындайды.
9. Дәрiлiк заттарға қажеттiлiк:
1) аурулардың диагностикасы мен оларды емдеу хаттамалары және дәрiлiк формулярлар негiзiнде;
2) оларды амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiлiк заттар мен арнайы балаларға арналған және емдiк тағам рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi шарттармен босатылатын аурулардың түрлерi мен азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесi бойынша халықтың жекелеген санаттарының; вакцина егiлетiн балалар мен жасөспiрiмдердiң; медициналық қызмет көрсету немесе жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыртудың болжанатын санына; өңiрдегі ауруға шалдығу серпiнi мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты;
3) дәрiлiк заттардың өткен жылдағы нақты тұтынылуын, баға мониторингi нәтижелерiн ескере отырып айқындалады.
10. Медицина ұйымдарының дәрiлiк заттарға қажеттiлiгi негiзiнде тиiстi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi жыл сайын 1 маусымға дейiнгi мерзiмде дәрiлiк заттарға жалпы қажеттiлiктi айқындайды.
11. Республикалық бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша сатып алынатын дәрiлiк заттарға қажеттiлiктi денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi органдары денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жыл сайын, жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырынан кеш емес мерзiмде айқындайды.
12. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ерекше тәртіпті қолданыла отырып жүзеге асырылады.
12-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1259 Қаулысымен.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Орталықтандырылып сатып алынған жағдайда дәрiлiк заттар медицина ұйымдарына дәрiлiк заттарды сатып алу туралы шартта айқындалатын кесте бойынша жеткiзiледi.
14. Негiзделген жағдайларда (аурушаңдық серпiнiнiң өзгеруi, сырқаттардың ауыстырылуы немесе көшiрiлуi, қайтыс болу) тиiстi бюджеттiк бағдарламалар шеңберiнде жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен сатып алынған дәрiлiк заттарды денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi органы басшысының шешiмi бойынша медицина ұйымдары арасында қайта бөлуге жол берiледi.
15. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен орталықтандырылып сатып алынған дәрiлiк заттарды қайта бөлу денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
16. Медициналық көмек көрсету үшiн сатып алынған барлық дәрiлiк заттар медицина ұйымдарында сомалық және сандық түрде медициналық құжаттамада көрсетiлуге немесе дәрiлiк заттардың пайдаланылуын есепке алудың автоматтандырылған бағдарламасында есепке алынуға тиiс.
17. Жеке сақталуға және есепке алынуға тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шеңберiнде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрiлiк заттар және ақылы қызметтер немесе тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнен тыс медициналық көмек көрсету үшiн медицина ұйымының қаражаты есебiнен сатып алынған дәрiлiк заттар жатқызылады.
Бюджеттік қаражат есебiнен келiп түскен дәрiлiк заттар медицина ұйымының арнайы мөрiмен белгiленедi.
17-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1259 Қаулысымен.(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Қажеттiлiгiне қарай, бiрақ заңнамада белгiленген тәртiппен жылына кемiне бiр рет медицина ұйымдарында сақталатын дәрiлiк заттарды түгендеу жүргiзiледi.
19. Жедел медициналық жәрдем көрсету кезiнде азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi жедел медициналық көмек көрсететiн ұйымның бекiтiлген формуляры шеңберiнде жедел медициналық көмек көрсету бригадасы тегiн жүзеге асырады.
20. Пайдаланылған дәрiлiк заттардың атаулары мен көлемдерi көрсетiлген жедел медициналық көмек көрсету туралы ақпарат денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша медициналық құжаттамада көрсетiледi. Жедел медициналық көмек ұйымы ақпаратты сырқаттың (зардап шегушiнiң) тұрғылықты жерi бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн медициналық ұйымдарға бередi.
21. Стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық көмек пен санаторий-курорттық ем көрсететiн медицина ұйымдарында азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету бекiтiлген дәрiлiк формулярдың негiзiнде кепiлдi көлем шеңберiнде тегiн және кепiлдi көлемнен тыс медициналық көмек көрсету кезiнде ақылы негiзде жүзеге асырылады.
22. Стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық көмек пен санаторий-курорттық ем көрсететiн медицина ұйымдарында азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету нысанын денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн тағайындау парақтарының негiзiнде жүзеге асырылады. Тағайындау парағы сырқаттың (сауықтырушының) ауру тарихына (санаторий-курорттық картасына) тiгiледi. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнен тыс дәрiлiк заттарды тағайындаған кезде тағайындау парағында тиiстi белгi, ал ауру тарихына (санаторий-курорттық картасына) тиiстi жазба енгiзiледi. Берiлген (пайдаланылған) дәрiлiк заттарды медицина қызметкерi тағайындау парағына жазады.
23. Амбулаториялық емдеу кезiнде және үйде стационар нысанында стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету кезiнде азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету:
1) амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiлiк заттар және арнайы балаларға арналған және емдiк тағам рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi шарттармен босатылатын аурулар түрлерi мен халықтың жекелеген санаттарының тiзбесi бойынша тегiн және жеңiлдiктi шарттармен;
2) толық құнына жүзеге асырылады.
24. Азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету барлық елдi мекендерде дәрiгерлердiң рецептi бойынша дәрiлiк заттарды, сондай-ақ рецептсiз босатуға жатқызылған дәрiлiк заттарды рецептсiз бөлшек сатуды жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет объектiлерi арқылы жүзеге асырылады.
Шалғай ауылдық жерлерде дәрiхана ұйымдары болмаған жағдайда амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
25. Амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету тегiн және (немесе) жеңiлдiктi рецептер бойынша, сырқаттың жеке басын куәландыратын құжатты (сырқат баланың туу туралы куәлiгiн) немесе оның нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
26. Жеңiлдiктi негiзде амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету кезiнде азаматтар амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетушi мен денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi органдары арасындағы шартта белгiленген дәрiлiк заттардың босатылатын бағасы мен өтеу сомасы арасындағы айырманы төлейдi.
Тегiн амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету кезiнде амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетушiге босатылатын бағаны денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi органдары толық қайтарады.
27. Туберкулезден зардап шегетiн азаматтар амбулаториялық емдеу кезiнде республикалық бюджет қаражаты шегiнде сатып алынған туберкулезге қарсы дәрiлiк заттармен туберкулезге қарсы мекемелер арқылы тегiн қамтамасыз етiледi. Елдi мекенде туберкулезге қарсы мекемелер болмаған жағдайда қамтамасыз ету алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн медицина ұйымдары арқылы жүргiзiледi.
28. Құрамында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрiлiк заттармен амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар фармацевтикалық қызмет объектiлерi арқылы жүзеге асырылады. Елдi мекенде есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар фармацевтикалық қызмет объектiлерi болмаған жағдайда қамтамасыз ету есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар медицина ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
29. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн медицина ұйымдарының, дәрiлiк заттардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет объектiлерiнiң көрнекi ақпарат орындарында мынадай ақпарат орналастырылады:
1) амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiлiк заттар және арнайы балаларға арналған және емдiк тағам рецепт бойынша тегiн немесе жеңiлдiктi шарттармен босатылатын аурулардың түрлерi мен халықтың жекелеген санаттарының тiзбесi;
2) тегiн босатылатын дәрiлiк заттардың тiзбесi;
3) дәрiлiк заттардың босатылатын бағасы мен өтеу сомасының арасындағы айырма көрсетiле отырып, жеңiлдiктi шарттармен босатылатын дәрiлiк заттардың тiзбесi;
4) дәрiханалар мен амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн ұйымдардың мекен-жайы.
30. Ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың бесiншi күнiне дейiнгi мерзiмде денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi органдарына:
1) алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетушi ұйымдар амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету үшiн жазылған рецептер тiзiлiмiн;
2) амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетушiлер олар бойынша дәрiлiк заттарды босату жүзеге асырылған рецептер қоса берiлген тiзiлiмдi ұсынады.
31. Денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi органдары рецептердiң тапсырылған тiзiлiмiн салыстыру қорытындылары бойынша амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтердi көрсетушiлердiң шығыстарын өтейдi.
Рецептердi ресiмдеу бойынша тәртiп бұзушылықтар анықталған жағдайда денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi органдары мұндай рецептердiң дұрыстығы мен тиiсiнше ресiмделуiн нақтылау үшiн шаралар қабылдайды.
Мұндай жағдайда азаматтар дәрiлiк заттармен тегiн немесе жеңiлдiктi шарттармен қамтамасыз етiледi, ал шығыстарды өтеу тәртiп бұзушылықтарды жойғаннан кейiн жүргiзiледi.
32. Азаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз етудi талдау мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi органдарынан амбулаториялық дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ақпаратты сұратады.
Полная версия