Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2018
Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 наурыздағы № 307 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.12.2014 жылғы № 1283 Қаулысымен (11.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылдың 5 мамырынан бастап ҚР Үкіметінің 20.04.2018 жылғы № 208 Қаулысына сәйкес
Редакция 09.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 244-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.12.2014 жылғы № 1283 Қаулысымен (11.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2012 жылғы 11 наурыздағы
 № 307 қаулысымен
 бекітілген
Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.12.2014 жылғы № 1283 Қаулысымен (11.03.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
1. Осы Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 244-2-бабына сәйкес әзірленді және қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында немесе дербес кластерлік қорда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсыну, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органының қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен бюджет шығындарын өтеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда қолданылатын ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мәндерде пайдаланылады.
2. Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәртібі
2. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының немесе дербес кластерлік қордың (бұдан әрі – басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор) бюджет шығындарын өтеу мақсаты үшін қалыптастырылатын қаржылық қамтамасыз ету (бұдан әрі – қаржылық қамтамасыз ету) мынадай тәсілдермен:
Басқарушы компания немесе дербес кластерлік қор қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде екі немесе бірнеше тәсілді құрамдастыру арқылы таңдайды.
Екі немесе бірнеше тәсілді құрамдастыру арқылы қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру тәсілін таңдаған кезде басқарушы компанияның немесе дербес кластерлік қордың қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсынуы, қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастыру және бюджет шығындарын өтеу таңдалған тәсілге байланысты көрсетілген іс-әрекеттерді реттейтін осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi