Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.01.2008
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 3 қыркүйек N 1304
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 30.01.2008. № 77 Қаулысымен (25.01.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 25.01.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесі бекітілсін.  
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. 
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң 1999 жылғы
 3 қыркүйектегi
 N 1304 қаулысымен
 бекiтілген
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрілген адамдар лауазымдарының тiзбесi
Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;  
Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, кәсiптiк мектептердiң, лицейдiң, гимназияның, колледждiң, училищенiң, мектеп-балабақша кешенiнiң, арнайы түзету ұйымдары мен барлық түрдегi және үлгiдегi интернаттық ұйымдардың директоры (меңгерушісі);  
Балалар үйi, сәбилер үйi, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйi-интернаты, балалар мен жас өспiрiмдерге арналған әлеуметтiк панахана, кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтiк-оңалту орталығының директоры (меңгерушiсi);  
Училище (мектеп, мектеп-интернат) директоры (бастығы);  
Басшы қызметкерлер мен мамандар бiлiктiлiгiн көтеретiн және қайта даярлайтын институттың директоры;  
Жоғары (әскери) оқу орнының ректоры (бастығы);  
Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;  
Шығармашылық шеберхананың жетекшiсi (бiлiм беру ұйымдарында);  
Дене тәрбиесiнiң жетекшiсi (бiлiм беру ұйымдарында);  
Алғашқы әскери даярлық жетекшiсi, оқытушы-ұйымдастырушысы (оқу орнындағы әскери жетекшi);  
Жоғары (әскери) оқу орнының оқу, оқу-әдiстемелiк, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар жөнiндегi проректоры (бастықтың орынбасары);  
Жоғары оқу орнының кафедра меңгерушiсi, әскери кафедра бастығы;  
Жалпы бiлiм беретiн мектеп және мектеп-интернат, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, кәсiптiк орта және қосымша бiлiм берудiң басқа да ұйымдарындағы директордың (бастықтың) ғылыми, оқу iсi, оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие, тәрбие жұмыстары жөнiндегi орынбасары;  
Басшы қызметкерлер мен мамандар бiлiктiлiгiн көтеретiн және қайта даярлайтын институт директорының ғылыми, оқу, оқу-әдiстемелiк жұмыстары жөнiндегi орынбасары; 
Оқу-өндiрiстiк, оқу-тәрбие қызметiмен тiкелей айналысатын бiлiм беру ұйымдарының бөлiм меңгерушiсi; 
Оқытушылық қызметпен тiкелей айналысатын профессор, доцент; 
Тiлдерi мүкiс балалармен жұмыс iстейтiн мұғалiм (оқу орындарындағы тілдерi мүкiс балалармен жұмыс iстейтiн мұғалiм); 
Кемiс балалармен жұмыс iстейтiн педагог (дефектолог); 
Аға оқытушы, оқытушы, сынақ мерзiмiнен өтушi оқытушы; 
Аға тәрбиешi, тәрбиешi (бiлiм беру ұйымдарында); 
Оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын спорт жөнiндегi жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөнiндегi аға жаттықтырушы-оқытушы; 
Балалардың мектепке дейiнгi ұйымының музыкалық жетекшiсi; 
Оқу орнының, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлiмгерi; 
Оқу-тәрбие оқу-өндiрiстiк қызметiмен тiкелей айналысатын дене    тәрбиесiнiң нұсқаушысы; 
Спорт мектебiнiң нұсқаушысы, нұсқаушы-әдiскерi; 
Бiлiм беру ұйымдары филиалының (мектептен тыс ұйымдардан басқа) директоры (меңгерушiсi); 
Бiлiм беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдiстемелiк, оқу-өндiрiстiк жұмыстары жөнiндегi директорының (меңгерушiсiнiң) орынбасары; 
1-бөлім толықтырылды ҚР Үкіметінің 17.02.2001. № 252 қаулысымен.
2. Педагог қызметкерлерге теңестiрiлген адамдардың лауазымы
Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес меңгерушiсi; 
Оқу (оқу-жаттығу) орталығының директоры (бастығы); 
Оқу-өндiрiстiк, оқу-курстық комбинат директоры; 
Жоғары оқу орнындағы оқытудың барлық түрлерiндегi         факультеттiң деканы, институттың директоры; 
Оқу-ғылыми өндiрiстiк кешенiнiң жетекшiсi, жетекшiнiң   орынбасары; 
Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығының (кешенiнiң) директоры (меңгерушiсi); 
Лагерьдiң (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектеп, еңбек және демалыс) бастығы; 
Оқу полигонының (бiлiм беру ұйымдарының) бастығы (меңгерушiсi); 
Бiлiм алушылардың кәсiптiк практикасының жетекшiсi (бiлiм беру ұйымдарында); 
Оқу-өндiрiстiк (оқу) шеберхана меңгерушiсi (бiлiм беру ұйымдарында); 
Бiлiм беру ұйымдарындағы зертхана, кабинет, сектор меңгерушiсi; 
Студенттiк зерттеу бюросының жетекшiсi; 
Аудармашы-дактилолог (бiлiм беру ұйымдарындағы сурдоаудармашы); 
Еңбек жөнiндегi нұсқаушы (білiм беру ұйымдарында); 
Мәдени ұйымдастырушы (бiлiм беру ұйымдарында); 
Оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтарындағы (кешендерiндегi)   нұсқаушы, әдiскер, тәрбиешi, өндiрiстiк оқыту шеберi; 
Басшы қызметкерлердi және мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау институтының, оқу орындарының (кафедралардың) ассистентi; 
Бiлiм беру ұйымдарының әдiскерi, аға әдiскер (жоғары оқу орындарынан басқа); 
Оқу-тәрбие жұмысымен тiкелей айналысатын музыкалық жетекшi (балалардың мектепке дейiнгi ұйымдарынан басқа), аккомпаниатор, концертмейстер; 
Оқу-тәрбие қызметiмен тiкелей айналысатын дене тәрбиесi-спорт ұйымдарының нұсқаушысы, нұсқаушы-әдiскерi; 
Мектептен тыс ұйымдардағы қызығушылығы бойынша студия, клуб жетекшілері; 
Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығы (кешені) директорының орынбасары; 
Білім беру ұйымдарында оқу бөлімінің меңгерушісі; 
Режим бойынша аға кезекші, ерекше маңыздағы білім беру ұйымдарының режимі бойынша кезекші. 
2-бөлім толықтырылды ҚР Үкіметінің 17.02.2001. № 252 қаулысымен, өзгертілді - 25.01.2005. № 60 қаулысымен.
Полная версия
ИС BestProfi