Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.04.2010
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметтері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 124 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4131
Күші жойылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2010 № 311 бұйрығымен. (25.12.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 25.12.2006 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы N 1304 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: Қараңыз ,
1. Қоса беріліп отырған Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі (бұдан әрі - БМСК) туралы ереже бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы бұйрыққа сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізсін. 
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары (келісім бойынша) осы бұйрыққа сәйкес БМСК ұйымдарының қызметін қамтамасыз етсін. 
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауға жіберсін. 
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры (Байсеркин Б.С.) облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің директорларымен (келісім бойынша) бірлесе отырып мамандандырылған көмек бойынша мыналарды анықтасын және ұсынсын: 
1) 2006 жылғы 10 сәуірге дейін мамандықтар мен лауазымдардың номенклатурасын, мамандардың функциялары мен жұмыс көлемінің нормативтерін; 
2) 2006 жылғы 1 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне 2007 жылға арналған шығыстарды жоспарлау үшін ұсынсын. 
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін. 
8. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап күшіне енеді және 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрінің
 2006 жылғы 21 наурыздағы
 N 124 бұйрығымен
 бекітілген
Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже
1. Осы Ереже бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының (бұдан әрі - БМСК) қызметін, үлгілік ұйымдастыру құрылымын, үлгілік штаттары мен штат нормативтерін және емханаларда, БМСК орталығында, дәрігерлік амбулаторияда, медициналық пунктте халыққа медициналық қызмет көрсетудің көлемі мен деңгейінің нормативтерін реттейді.
2. БМСК көрсететін ұйымдардың қызметтері азаматтарға жергілікті мекен-жайы және/немесе медициналық ұйымдарды еркін таңдау құқығы есепке ала отырып тіркеу бойынша медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.
3. БМСК ұйымының жұмыс режимін кезекші дәрігерлердің демалыс және мереке күндеріндегі жұмысын қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары белгілейді.
Полная версия
ИС BestProfi