Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.05.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 маусымдағы № 544 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан,Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 381 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 170-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мақта тұқымын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу және/немесе тұқым шаруашылықтарының мақта тұқымын арзандатылған бағамен сатуы кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мақта тұқымын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты айқындалады.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Химиялық әдіспен тазартылған мақта тұқымын сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидия алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Тұқым шаруашылықтарының мақта тұқымын арзандатылған бағамен сатуы кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты айқындалады.»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Химиялық әдіспен тазартылған мақта тұқымын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған бағамен сатқан тұқым шаруашылықтары субсидия алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi