Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы " 2003 жылғы 8 ақпандағы және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 23.05.2015
Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы N 381 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 307 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы N 381 қаулысымен бекітілген
Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) өңірлік агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жергілікті өкілді орган бекіткен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған облыстық бюджеттік бағдарлама шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларды төлеу (бұдан әрі - субсидиялау) тәртібін айқындайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау осы Ереженің 2-тармағында көзделген бағыттардың біреуі бойынша ғана жылына бір рет жүргізіледі.
2. Субсидиялар бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қол жетімділігін қамтамасыз етуге арналған және заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органның тиісті шешімі негізінде мынадай бағыттар бойынша төлене алады:
1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жақын және алыс шет елдерден және республиканың басқа да облыстарынан әкелінетін тұқымды қоса алғанда) сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналған субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) тиісті жылдың егініне әрбір аудан үшін тұқымның әр түрі бойынша белгілеген тұқым сатып алу және қаржыландыру көлемі шегінде бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның толық құны бойынша нақты сатып алынған көлемі үшін төленеді;
2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның құнын ішінара арзандатуға арналған субсидиялар тұқым шаруашылықтарына (бұдан әрі - тұқым шаруашылықтары) облыстың жергілікті атқарушы органы тиісті жылдың егініне әрбір аудан үшін тұқымның әр түрі бойынша белгілеген тұқым сатып алу және қаржыландыру көлемі шегінде бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құн бойынша нақты сатылған көлемі үшін төленеді.
Субсидиялауға тек Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген немесе перспективалы деп танылған ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымы ғана жатады.
Мақта тұқымын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу және/немесе тұқым шаруашылықтарының мақта тұқымын арзандатылған бағамен сатуы кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.06.2010 № 544 Қаулысымен. (14.05.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Әрбір аудан үшін тұқымның әр түрі бойынша тұқым сатып алу және/немесе сату көлемін облыстың жергілікті атқарушы органы дақылдың басымдылығын ескере отырып, егістік алқапқа тұқымға ғылыми негізделген қажеттілік нормалары негізінде айқындайды.
Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сатып алуы және тұқым шаруашылықтарының сатуы облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген шекті бағадан аспайтын бағалар бойынша жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар төлеудің негізгі өлшемі Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымын себу болып табылады.
4. Субсидия алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін және/немесе тұқым шаруашылықтарының тізімін айқындау үшін әр ауданда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) шешімімен құрамында аудан әкімдігінің, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері бар ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.
Полная версия

