Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қол жетімділігін қамтамасыз ету және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдану жолымен мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 14.04.2010
Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155-1 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.04.2010 № 302 Қаулысымен. (31.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 31.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Мемлекеттік, орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылдың қорытындылары бойынша жылына екі рет 10 қаңтарға және 10 шілдеге Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155-1 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2007 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Проблеманың қазіргі заманғы жай-күйін талдау "Электрондық үкімет" қалыптастыру бағдарламасын іске асыру нәтижелері
Қазіргі проблемалар және шетелдік оң тәжірибені шолу
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Полная версия