Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.05.2011
Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 22 шілдедегі N 128 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5303 болып енгізілді.
Күші жойылды ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 05.05.2011 № 186 Бұйрығымен (22.07.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
#$Қолданушылардың назарына
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті осы ережелердің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрыққа тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Төтенше жағдайлар
 Министрінің
 2008 жылғы 22 шілдедегі
 N 128 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізбесі 
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттік төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртібімен) шығару және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" бұйрығы (2001 жылғы 7 сәуірдегі N 1456 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2001 жылғы 30 сәуірде N 21 "Заң газетінде" жарияланды, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені, 2001 ж. N 23 410 бет). 
2. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 25 сәуірдегі N 24 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 22 мамырда N 1861 тіркелген). 
3. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 11 мамырдағы N 40 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 21 мамырда N 2868 тіркелген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 24 маусымда жарияланды). 
4. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 37 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 26 сәуірде N 3584 тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 15 желтоқсанда жарияланды, N 235-236). 
5. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінің материалдық құндылықтарын шығару (жаңарту, алмастыру және броньнан шығару тәртібімен) және жеткізу жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 26 ақпандағы N 10 бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының 2005 жылғы 30 маусымдағы N 66 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 3 тамызда N 3768 тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 21 желтоқсанда N 237-238 жарияланды.
Қазақстан Республикасы
 Төтенше жағдайлар Министрінің
 2008 жылғы 22 шілдедегі
 N 128 бұйрығымен
 бекітілді
Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын (жаңарту, броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері 1. Жалпы ережелер 
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеу және өткізу ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мемлекеттік материалдық резерв туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. 
2. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінің материалдық құндылықтарын шығару жөніндегі тендерлерді әзірлеуді және өткізуді белгілейді. 
3. Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) тендерді ұйымдастырушы – тендерді әзірлеуді және өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы ұйым; 
Полная версия
ИС BestProfi