«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2243 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 06.07.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген техникалық регламенттерді әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспарда айқындалған айдың 25-күнінен кешіктірмей техникалық регламенттерді Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «2007 - 2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1194 қаулысы;
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 960 қаулысы.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2243 қаулысымен бекітілген
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар
жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.09.2010 № 932, 17 (29.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)(28.03.2011 бастап қолданысқа енгізіледі).11.2010 № 1202 Қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
| Р/с № | Техникалық регламент атауы | Мемлекеттік әзірлеуші орган | Ұсыну мерзімі | |
| Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган | Қазақстан Республика сының Үкіметі | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ | 2009 жылғы желтоқсан | 2010 жылғы қаңтар |
| 2. | Жанғыш, уытты, сұйылтылған газ құбыржолдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ТЖМ (жинақтау), ЭМРМ | 2009 жылғы желтоқсан | 2010 жылғы қаңтар |
| 3. | Лифттердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ТЖМ (жинақтау), ИСМ | 2009 жылғы желтоқсан | 2010 жылғы қаңтар |
| 4. | Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ (жинақтау), ДСМ, Қоршаған- ортамині, ИСМ | 2010 жылғы қаңтар | 2010 жылғы наурыз |
| 5. | Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі | АШМ (жинақтау), ИСМ, ТЖМ | 2010 жылғы қаңтар | 2010 жылғы наурыз |
| 6. | Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі | АШМ (жинақтау), ИСМ | 2010 жылғы қаңтар | 2010 жылғы наурыз |
| 7. | Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары, телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар | ҰҚК (келісім бойынша) | 2010 жылғы қаңтар | 2010 жылғы наурыз |
| 8. | Ядролық және радиациялық қауіпсіздік | ЭМРМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
| 9. | Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі | ЭМРМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
| 10. | Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі | ЭМРМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
| 11. | Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ (жинақтау), ТЖМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
| 12. | Автомобиль көлік құралдарына арналған майлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ (жинақтау), ККМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
| 13. | Бензиндерге арналған телімдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
| 14. | Көмір және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ (жинақтау), ТЖМ, Қоршағанортамині, ДСМ, ККМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
| 15. | Электромагниттік сыйымдылық | АБА | 2010 жылғы наурыз | 2010 жылғы мамыр |
| 16. | Қозғалыс дабылының, бөгеуінің, байланысының және оны ақпараттандырудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2010 жылғы наурыз | 2010 жылғы мамыр |
| 17. | Темір жол көлігімен жолаушыларды, қол жүгін, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ (жинақтау), АБА | 2010 жылғы наурыз | 2010 жылғы мамыр |
| 18. | Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2010 жылғы наурыз | 2010 жылғы мамыр |
| 19. | Дәрілік құралдар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы сәуір | 2010 жылғы маусым |
| 20. | Қанның және гемотрансфузиондық терапияда пайдаланылатын оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы сәуір | 2010 жылғы маусым |
| 21. | Мүгедектерді сауықтырудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы сәуір | 2010 жылғы маусым |
| 22. | Медициналық техниканың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы сәуір | 2010 жылғы маусым |
| 23. | Имплантанттардың биологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы сәуір | 2010 жылғы шілде |
| 24. | Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ (жинақтау), АШМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы шілде |
| 25. | Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ (жинақтау), АШМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы шілде |
| 26. | Темекінің және темекі бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы шілде |
| 27. | Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ (жинақтау), ДСМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы шілде |
| 28. | Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ (жинақтау), АШМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы тамыз |
| 29. | Электролиз әдісімен алюминий өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар | Қоршағанортамині (жинақтау), ИСМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы тамыз |
| 30. | Уытты және уыттылығы жоғары заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ИСМ (жинақтау), Қоршағанортамині | 2010 жылғы маусым | 2010 жылғы қыркүйек |
| 31. | Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ (жинақтау), ДСМ | 2010 жылғы маусым | 2010 жылғы қыркүйек |
| 32. | Бал және омарта шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ (жинақтау), ДСМ | 2010 жылғы маусым | 2010 жылғы қыркүйек |
| 33. | Биоэтанолдың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ | 2010 жылғы тамыз | 2010 жылғы желтоқсан |
| 34. | Биодизельдің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ | 2010 жылғы тамыз | 2010 жылғы желтоқсан |
| 35. | Сәйкестікті растау саласындағы модульдік тәсіл | ИСМ | 2010 жылғы тамыз | 2010 жылғы желтоқсан |
| 35-1 | Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ҚТКШІА | 2010 жылғы қазан | 2010 жылғы қараша |
| 36. | Темір жол станцияларын, вокзалдарды және басқа да инженерлік құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы наурыз | 2011 жылғы маусым |
| 37. | Теңіз қалқыма бұрғылау қондырғылары мен оларға орнатылған қондырғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы наурыз | 2011 жылғы маусым |
| 38. | Теңіз және өзен порттары мен оларға байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы сәуір | 2011 жылғы шілде |
| 39. | Ішкі су жолы кемелерінің және өзен-теңіз жолы кемелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы сәуір | 2011 жылғы шілде |
| 40. | Теңіз кемелері мен оларға орнатылған жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы мамыр | 2011 жылғы тамыз |
| 41. | Авиациялық техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы мамыр | 2011 жылғы тамыз |
| 42. | Магистралды мұнай құбырлары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ | 2011 жылғы маусым | 2011 жылғы қыркүйек |
| 43. | Су астындағы құбырлар мен кәбілдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ | 2011 жылғы маусым | 2011 жылғы қыркүйек |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Полная версия

