Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Гемотрансфузиялық терапияда пайдаланылатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2243 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 932 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Гемотрансфузиялық терапияда пайдаланылатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. «Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2243 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда:
реттік нөмірі 20-жолдың 2-бағанындағы «өнімдерінің» деген сөз «компоненттерінің» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 13 қыркүйектегі
 № 932 қаулысымен
 бекітілген
«Гемотрансфузиялық терапияда пайдаланылатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Гемотрансфузиялық терапияда пайдаланылатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Техникалық регламент халық денсаулығы үшін қауіп-қатер дәрежесін ескере отырып, гемотрансфузиялық терапияда пайдаланылатын қанның және оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
3. Осы Техникалық регламентте қауіпсіздік талаптары белгіленетін техникалық реттеу объектілері Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасына кіретін (КОСЭҚ БТН коды 3002 10 950), адамның трансфузиялық терапияны жүргізу кезінде пайдаланылатын донорлық қаны және оның компоненттері болып табылады.
4. Осы Техникалық регламентте мынадай негізгі терминдер мен  анықтамалар пайдаланылады:
1) апирогендік - техникалық реттеу объектісінде адамда қажет емес температуралық реакцияны тудыратын субстанциялардың болмауы;
2) асептика - ықтимал жұқпалы ауруларды қоздырғыштардың техникалық реттеу объектісіне, бетке, тінге, пациенттің мүшелері мен іш қуыстарына түсуінің алдын алу бойынша шаралар кешені;
3) аферез — айналыс жасайтын қаннан жекелеген қан компоненттерін айдап шығару және оларды қан жасушаларының арнайы сепараторларын пайдалана отырып дайындау;
Полная версия
ИС BestProfi