Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2024
"Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техиикалық регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы N 1202 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.02.2024 жылғы № 121 Қаулысына сәйкес 
Редакция 30.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысымен (23.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары қауіпсіздігі» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 96 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 53-құжат);
2) «Ғимараттардың, имараттардың және оған іргелес аумақтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 наурыздағы № 227 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 122-құжат).
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 17 қарашадағы
 № 1202 қаулысымен
 бекітілген
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Осы «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі — Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы » 2001 жылғы 16 шілдедегі, «Техникалық реттеу туралы » 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Техникалық регламент адам өмірін, денсаулығын, мүлікті  және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің мақсатына және қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды (пайдаланушыларды) жаңылысқа соқтыратын әрекеттердің алдын алу, саудадағы техникалық кедергілерді жою мақсатында өмірлік циклінің барлық сатыларындағы құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын ең аз талаптарды белгілейді.
3. Осы Техникалық регламент объектілері болып табылатындар: ғимараттар мен құрылыстар (бұдан әрі - құрылыс объектілері), құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары (бұдан әрі - құрылыс өнімі), құрылыс объектілерін және құрылыс өнімдерін жобалау, өндіру, тасымалдау, сақтау, пайдалану және кәдеге асыру процестері (бұдан әрі - өмірлік цикл сатылары).
4. Құрылыс өнiмдерiн сәйкестендiру жиынтығында тануға жеткiлiктi болатын таңбалау мен iлеспе құжаттары, белгiлерi, параметрлерi, көрсеткiштерi мен талаптары бойынша Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының (бұдан әрi – СЭҚ ТН) кодтарын және оларға сәйкес келетiн 04-2008 Қазақстан Республикасының экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдердiң ұлттық жiктеуiшi бойынша кодтарды пайдалану жолымен жүргiзiледi. Қауiпсiздiк талаптары белгiленетiн құрылыс өнiмдерiнiң тiзбесi осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтiрiлген.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (18.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
5. Құрылыс объектілері және жобалау құжаттамасы мынадай қағидалар бойынша сәйкестендіріледі:
1) жобалау құжаттамасы құрылыстың объектісі мен мақсатына байланысты қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасының турлері мен құрамы бойынша сәйкестендіріледі және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жасалатын, құрылысы салынбақшы болып отырған ауданда инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсетушілердің техникалық шарттарына және тапсырысшының жобалауға арналған тапсырмасына сәйкес әзірленеді;
Полная версия
ИС BestProfi