Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысы
Редакция 22.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 735 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 наурыздағы № 198 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 8, 51-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жүргiзiлетiн, басталған, жалғастырылып жатқан және аяқталған мемлекеттiк құпиялардан тұратын мәлiметтерi бар ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды мемлекеттiк тiркеудiң тәртiбiнде 9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ҒЗТКжЖТЖ туралы ғылыми-техникалық есеп ҒЗЖ туралы есептi ресiмдеудiң құрылымы мен ережесiн регламенттейтiн ұлттық стандарттың (МЕМСТ 7.32-91) талаптарына сәйкес ресiмделуi тиiс.».
2. «Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 167 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 67-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан объектілердің энергия үнемдеуіне сараптама жасау ережесінде 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сараптама жасау ұйымы энергия үнемдеу объектілерінің энергия тұтыну жабдығын іске қосу және пайдалануға енгізу алдында зерттелетін объектілердің ұлттық стандарттардың, ҚНжЕ, өзге нормативтік құқықтық актілердің талаптарына және монтаждалған жабдықтың энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша жобалық деректеріне сәйкестігіне сараптама жасайды. Сараптама жасаудың нәтижелері бойынша Комитет энергияны пайдаланушы жабдықты іске қосу және пайдалануға енгізу туралы шешім қабылдайды.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.07.2019 жылғы № 558 Қаулысына сәйкес (04.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 13.08.2019 жылдан бастап)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.01.2022 жылғы № 33 Қаулысымен (31.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.08.2015 жылғы № 655 Қаулысымен (10.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.09.2015 жылы № 167(28043) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысымен (20.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.09.2015 жылы № 180 (28658) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7. «Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы № 171 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 87-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарында:
Полная версия