1. Қоса беріліп отырған Азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы нұсқаулық бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 02.02.2022
Азық-түлік шикізатының және тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қараша N 1783 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 2 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 27.01.2022 жылғы № 33 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығымен бекітілген "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000 жылғы 29 қарашадағы 1783 қаулысымен бекiтiлген
Азық-түлiк шикiзатының және тамақ өнiмдерiнiң сапасы мен қауiпсiздiгi туралы нұсқаулық
Осы Нұсқаулық азық-түлiк шикiзаты мен тамақ өнiмдерiнiң (бұдан әрi - тамақ өнiмдерi) сапасы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейдi және өндiру, сатып алу, тасып әкелу, сақтау, тасымалдау және сату (бұдан әрi - айналым) кезеңдерiндегi өндiрушi, сатушы және тұтынушы арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.
1. Жалпы ережелер
1. Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында шығаратын, әкелетiн және сататын тамақ өнiмдерiн стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың, санитарлық, малдәрiгерлiк-санитарлық, фитосанитарлық нормалар мен ережелердiң, сондай-ақ басқа да техникалық регламенттердiң (бұдан әрi - нормативтiк құжаттар) талаптарына сай болуы тиiс. , , , , , , ,
2. Жалпы қабылданған негiзгi терминдер мен ұғымдар:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.07.2013 жылғы № 735 Қаулысымен (29.11.2000 ж. редакцияны қараңыз)
тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi - тамақ өнiмдерiнiң оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде зиянды болып табылмайтындығы мен қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулығына қауiп туғызбайтындығына негiзделген сенiмдiлiк күйiнiң болуы;
биологиялық белсендi қоспалар - тамақпен бiр мезгiлде пайдалануға немесе тамақ өнiмдерiнiң құрамына енгiзуге арналған табиғи (табиғимен бiрдей) биологиялық белсендi заттар;
тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды теңестiру - белгiлi бiр тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды нормативтiк, техникалық құжаттардың талаптарына және оларға қоса берiлетiн құжаттардағы және жапсырмалардағы ақпараттарға сәйкестiкке келтiру жөнiндегi қызмет;
тамақ өнiмдерiнiң сапасы - оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде адамның тамаққа қажеттiлiгiн қанағаттандыруға қабiлеттi тамақ өнiмдерi қасиеттерiнiң жиынтығы;
тамақ өнiмдерiмен араласатын материалдар мен бұйымдар (бұдан әрi - материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнiмдерiн дайындау, буып-түю, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану кезiнде қолданылатын материалдар мен бұйымдар, оның iшiнде технологиялық жабдықтар, құралдар мен құрылғылар, ыдыстар, ыдыс-аяқтар, асханалық керек-жарақтар;
нормативтiк құжаттар – тамақ өнiмдерiнiң, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауiпсiздiгiне, олардың сапасы мен қауіпсiздiгiн бақылауға, оларды дайындау, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану, сапасыз, қауiптi тамақ өнiмдерiн, материалдар мен бұйымдарды кәдеге жаратуға немесе жоюға қойылатын талаптарды белгілейтін ұлттық стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қағидалар мен нормалар және басқа да нормативтiк құқықтық актілер
Полная версия