Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 750 Қаулысына сәйкес
«Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингінің жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 27.03.2015 жылғы № 236 Бұйрығын қараңыз
Редакция 02.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 19 қаңтардағы
 № 137 қаулысымен
 бекітілген
Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген әрі мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган – мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік статистика саласында басшылықты және өз құзыреті шеңберінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) мұнай өнімдері – мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері: бензин, авиациялық және дизельдік отын, мазут;
5) мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын және өндірістік паспорты бар жеке немесе заңды тұлға;
6) қуаты аз өндіруші – жобалық қуаты жылына сегіз мың тоннадан аз болатын шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын өңдеу көлемін көздейтін технологиялық қондырғыларда мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын мұнай өнімдерін өндіруші;
7) мұнай өнімдерін көтерме жеткізуші – мұнай өнімдерін көтерме сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
3. Мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымыныңмониторингін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады және ол:
Полная версия
ИС BestProfi