«Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.12.2016
Ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 721 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.12.2016 жылғы № 795 Қаулысына сәйкес
1. Мынадай міндеттерді іске асыру үшін «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамы ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын:
1) ғарыштық байланыс жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз ету;
2) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары (бұдан әрі – ҒА) транспондерлерін ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсету.
2. Жүктелген міндеттерді іске асыру үшін ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ғарыштық байланыс жүйелерін құруда және дамытуда бірыңғай техникалық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың инвестициялық жобалары мен бағдарламаларын жоспарлауға, қалыптастыруға және талдауға қатысу;
2) ғарыштық байланыс жүйелерін техникалық пайдалану және оларды басқару;
3) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ҒА транспондерлерін ұсыну жөнінде қызметтер көрсету;
4) байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде ұлттық ҒА транспондерлерін резервке қою, сондай-ақ ұлттық ҒА қамту аймақтарын кеңейту мақсатында шетелдік ғарыштық байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау.
3. Мынадай міндеттерді іске асыру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын:
4) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ЖҚЗ деректерін тарату.
4. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
2) таратылатын ЖҚЗ деректерінің негізінде Қазақстан Республикасының кеңістіктік деректерінің ұлттық инфрақұрылымын құру, енгізу және дамыту;
3) жоспарлы ғарыш түсірілімдерін, шұғыл түсірілімдерді орындау және мұрағаттық ғарыш суреттерін беру;
4) ЖҚЗ деректерін алу үшін ҒА жобалау, өндіру, сынау және пайдалану саласындағы технологиялар трансферті;
5) ЖҚЗ деректерін өңдеу кезінде тұтынушыларды ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету және табиғи ресурстардың, инфрақұрылымның, төтенше жағдайлар туындау тәуекелдерінің, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жай-күйі туралы геокеңістікті ақпаратпен қамтамасыз ету;
6) қызметтер мен ғарыш түсірілімдерінің өнімдерін және өңделмеген шикі ЖҚЗ деректері түріндегі геокеңістікті ақпаратты, ғарыш түсірілімдерінің ортофотожоспарлары, рельеф пен жердің цифрлы модельдері, геоақпараттық жүйелер түріндегі өңделген деректерді ұсыну;
7) ЖҚЗ деректерін қабылдау және өңдеу негізінде қазақстандық және шетелдік пайдаланушыларға геокеңістікті ақпарат пен қызметтер ұсыну;
8) геокеңістікті ақпаратты және қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, заңды және жеке тұлғаларға ұсынуды қамтамасыз ету;
9) ЖҚЗ деректері мен қызметтер нарығына қатысушылар қызметін жүйелі және технологиялық үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесін Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігімен, салалық және ведомстволық бақылау және басқару жүйелерімен ақпараттық тоғыстыру;
10) геоақпараттық қызметтерді инновациялық дамыту үшін жағдайлар жасау, ЖҚЗ деректерінің негізінде бәсекеге қабілетті өнімдер, сервистер және қызметтер құру үшін ұлттық ғылыми-зерттеу және өндірістік ресурстар ықпаладастығын және шоғырлануын жүзеге асыру және оларды ЖҚЗ деректерін жоспарлау мен тарату кезінде бұқаралық нарыққа шығару;
11) ғарыш түсірілімдерін жоспарлау кезіндегі ЖҚЗ деректерінің әлемдік нарығын зерттеу, ЖҚЗ деректерін, қызметтерін өткізу, жерүсті және ғарыштық операторларымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
12) аса жоғары, жоғары, орта және төмен кеңістікті айыру қабілетімен ғарыш түсірулерді қабылдау және өңдеу негізінде қызметтерді ұсыну;
13) ЖҚЗ деректерін тарату кезінде Қазақстан Республикасының кеңістікті деректерінің ұлттық инфрақұрылымын құру және оны енгізу мен дамытуды үйлестіру, Қазақстан Республикасының кеңістікті деректерінің ұлттық инфрақұрылымын кеңістікті деректер инфрақұрылымының халықаралық жүйесіне ықпалдастыру іс-шараларын жүзеге асыру.
5. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында спутниктік навигациялық қызметтерді ұсыну міндетін іске асыру үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.
6. Жүктелген міндеттерді орындау үшін дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесін (бұдан әрі – ДжСНЖ) құру, пайдалану және дамыту, дифференциалдық станциялар желісін кеңейту;
3) спутниктік навигациялық қызметтер саласындағы қызметті нормативтік қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік органдарды және басқа да тұтынушыларды жаһандық навигациялық спутниктік жүйелердің (бұдан әрі – ЖНСЖ) навигациялық-уақыттық өрістерінің және олардың функционалдық толықтыруларының жай-күйі туралы спутниктік навигациялық деректермен ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
5) көлік процестерін диспетчерлеуді және маңызды объектілердің мониторингін, өңірлік және өңіраралық интермодальді тасымалдауды үйлестіруді қамтамасыз ететін қызметтерді ұсыну;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және басқа да тұтынушылардың мүддесінде құрылатын және енгізілетін навигациялық жүйелердің аппараттық құралдарын біріздендіруді, стандарттауды және сертификаттауды қамтамасыз ету;
7) ЖНСЖ пайдаланушы қосымшаларын дамыту және ілгерілету;
8) ДжСНЖ навигациялық-уақыттық ақпаратының негізінде тұтынушыларға координаталық-уақыттық және навигациялық қызметтерді (бұдан әрі – қызметтер) ұсыну жөніндегі басқарушы ұйым ретінде әрекет ету;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына, заңды және жеке тұлғаларға қызметтер ұсынуды қамтамасыз ету;
10) қызметтер нарығына қатысушылардың қызметін жүйелі және технологиялық үйлестіруді жүзеге асыру, ДжСНЖ-ны Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігімен, салалық және ведомстволық бақылау және басқару жүйелерімен ақпараттық тоғыстыру;
11) навигациялық және геоақпараттық қызметтерді инновациялық дамыту үшін жағдай жасау, ЖНСЖ пайдалана отырып бәсекеге қабілетті өнімдер жасау, сервистер мен қызметтер көрсету үшін ұлттық ғылыми-зерттеу және өндірістік ресурстарды ықпалдастыру мен шоғырлануды жүзеге асыру және оларды бұқаралық нарыққа шығару;
12) навигациялық қызметтердің әлемдік нарығын зерттеу, қызметтерді өткізу, ЖНСЖ және оның функционалдық қосымшаларының операторларымен халықаралық ынтымастықты жүзеге асыру;
13) ЖНСЖ навигациялық өрісінің тұтастығын бақылауды жүзеге асыру;
14) ЖНСЖ дифференциалдық түзету жүйесінің деректерін пайдалана отырып қызметтерді ұсыну;
15) навигациялық аппаратураны өткізуді қамтамасыз ету, тұтынушыларға сервистік қызмет көрсетуді және оқытуды жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ДжСНЖ мемлекеттік ақпараттық ресурстарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия