"Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.08.2015
Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 504 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 601 Қаулысына сәйкес «Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.04.2015 жылғы № 524 Бұйрығын қараңыз
1. Қоса беріліп отырған Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 504 қаулысымен бекітілген
Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы ғарыш аппараттары транспондерлерін немесе транспондерлерінің сыйымдылығын (бұдан әрі – транспондерлер) жалға ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ғарыш аппараты транспондерінің сыйымдылығы – транспондерлердің жиілік-энергетикалық ресурсы;
2) ғарыш аппараты – ғарыш кеңістігінде орналасқан және спутниктік байланысты ұйымдастыруға арналған техникалық құрылғы;
3) ғарыш аппаратының транспондері – ғарыш аппаратына орнатылған және Жер–ғарыш–Жер сигналдарын қайта таратуға арналған радиохабар тарататын құрылғылар жиынтығы;
4) ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, ғарыш жүйесін техникалық пайдалануды қамтамасыз ететін және жеке және (немесе) заңды тұлғаларға транспондерлерді жалға ұсыну бойынша қызметтер көрсететін ұйым.
5) спутниктік байланыстың жер станциясы – Жердің бетінде орналасқан және бір немесе бірнеше ғарыш аппараттарымен немесе бір немесе бірнеше қайталайтын ғарыш аппараттарының көмегі арқылы осыған ұқсас жер станцияларымен немесе ғарыштағы басқа да объектілермен байланысты жүзеге асыруға арналған станция;
6) спутниктік байланыстың жер станциясының ғарыш аппаратына қолжетімділігі – ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы беретін, спутниктік байланыстың жер станцияларының транспондерлерге қосылуының техникалық мүмкіндігін растайтын құжат.
2. Жеке және (немесе) заңды тұлғаларға транспондерлерді ұсыну тәртібі
3. Транспондерлерді жалға алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторына (бұдан әрі – ұлттық оператор) осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Өтінімге мыналар қоса беріледі:
Полная версия