Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.08.2012
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 108 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 сәуірде № 7593 тіркелді
Күші жойылды ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 09.08.2012 № 396 Бұйрығымен. (27.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса берiлген Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзуге рұқсат алуға қажеттi құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов) белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 наурыздағы № 92 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6151 болып тіркелген және 2010 жылғы 18 мамырдағы № 69 (1865) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Құрылыс және тұрғын
 үй-коммуналдық шаруашылық
 істері агенттігі төрағасының
 2012 жылғы 27 наурыздағы
 № 108 бұйрығымен
 бекітілген
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге
 рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесі
1. Осы тізбенің қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш.
2. Жер учаскесiне тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешiмiнің көшірмесі (меншік құқығымен тапсырыс берушінің иелігіндегі үй жанындағы, саяжай, бау-бақша учаскелерінде уақытша құрылыстарды, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды және абаттандыру элементтерін, сондай-ақ жерді пайдалану құқығымен тапсырыс беруші пайдаланатын жер учаскелерінде (аумақтарда) маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығына арналған тұрғын үйлер мен тұрмыстық үй-жайларды салуды қоспағанда).
3. Жобалау-сметалық құжаттамаға сараптаманың оң қорытындысының көшірмесі (бір сатылы жобалау кезінде жұмыс жобасы бойынша не екі сатылы жобалау кезінде жоба бойынша).
4. Бас мердiгердiң құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерiнiң тiзбесi бар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыру құқығына мемлекеттiк лицензиясының көшірмесі.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын
 жүргiзуге рұқсат алуға қажеттi
 құжаттардың тiзбесiне
 қосымша
Қазақстан Республикасының (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторына
 ____________________________________________________________________
Полная версия
ИС BestProfi