Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2024
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы және "Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2024 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 15.12.2023 жылғы № 1128 Қаулысына сәйкес 
Редакция 18.12.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 54-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары бекітілсін.
2. «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 145-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасында:
«1.1. Орындаушы авиамаршруттың тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті кіріс деңгейін қамтамасыз етпейтін маршруттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды осы шартта айқындалған шарт сомасы шегінде, оның қолданыс мерзімі ішінде жүзеге асырады.»;
«1.3. Кіріс деңгейі қамтамасыз етілмейтін авиамаршруттардың тізбесі және әрбір авиамаршрут бойынша бөлінген сома осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын оның қосымшасында берілген.»;
Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шартына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 31 қаңтардағы
 № 69 қаулысымен
 бекітілген
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары
1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) авиакомпаниялар үшін жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде субсидияланатын авиамаршруттарға тұрақты авиарейстерді орындау құқығына конкурс өткізу тәртібін, конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, субсидияланатын авиамаршруттарға куәлік беру тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасына сәйкес конкурс субсидияланатын авиамаршруттарда жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиакомпанияны айқындау мақсатында субсидияланатын авиамаршруттар тізбесіне енгізілген авиамаршруттар бойынша өткізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi