Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.06.2015
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 458 Қаулысына сәйкес
«Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелерді айқындау туралы» ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Премьер-Министрдің орынбасары-Министрінің 28.11.2011 жылғы № 434 Бұйрығын қараңыз
Редакция 19.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесі бекітілсін. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 19 қазандағы
 N 972 қаулысымен
 бекітілген
Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 21.06.2012 № 810 қаулысымен; өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.02.2013 № 160 қаулысымен. (18.04.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
1. «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Ынтымақтастық комитетінің Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» сот төрелігі мен құқық тәртібі жөніндегі кіші комитеті.
2. «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесі.
3. Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөніндегі комитет.
4. Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық қеңесі.
5. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы президенттерінің қамқорлығындағы Мемлекетаралық үйлестіру кеңесі.
6. Қазақстан-Украина экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комиссия.
Полная версия
ИС BestProfi