Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепке алуды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 09.11.2018
Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 100 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5434 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 9 қарашадан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 184 Қаулысына сәйкес
Редакция 13.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 108 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4484 тіркелген);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 108 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 20 шілдедегі N 83 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4895 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны арнайы қаржы компанияларына жіберсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы Ә. Сәйденов
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 100 қаулысымен бекітілген
Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының Қаулысымен 24.02.2012 № 43 (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 жылғы № 200 Қаулысына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.12.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген және арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін толықтырады.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 43 (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.09.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Осы Нұсқаулықта «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 43 (28.11.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 6 Қаулысына сәйкес (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Осы Нұсқаулықтың және Қазақстан Республикасының б ухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жасауға рұқсат беріледі.
Полная версия