Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.03.2009
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 қазандағы N 924 Қаулысы       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Ішкі бақылау қызметтерін құру рұқсат етілетін мемлекеттік органдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 33, 446-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі бақылау қызметтерін құру рұқсат етілетін мемлекеттік органдардың тізбесінде: 
реттік саны 14-жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"14. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi