Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 141-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 02.03.2009
Iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттiк органдардың тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
Редакция 07.10.2008 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттік органдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiн құруы бекiтiлген штат саны шегінде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 маусымдағы N 539 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 24, 302-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 25 маусымдағы N 539 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 3 қаңтардағы N 3 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 1, 3-құжат).
4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысымен бекiтiлген
Iшкi бақылау қызметтерін құру рұқсат етiлетiн мемлекеттiк органдардың тiзбесi
тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.02.2005 № 159, 12.05.2005 № 447, 07.10.2008 № 924 Қаулыларымен. (03.09.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшілiгiн жүргiзу жөнiндегi комитет
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігi
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
12. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi
12-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
13. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитетi
14. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Полная версия