Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 141-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 22.02.2005 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттiк органдардың тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі N 931 қаулысы
1. Қоса берiлiп отырған iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттік органдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген мемлекеттiк органдардың iшкi бақылау қызметтерiн құруы бекiтiлген штат саны шегінде жүргiзiледi деп белгiленсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 25 маусымдағы N 539 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 24, 302-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 25 маусымдағы N 539 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 3 қаңтардағы N 3 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 1, 3-құжат).
Полная версия