Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы бекiтілсін. 
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күшi жойылды деп танылсын. 
3. Таратылатын Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның функциялары Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияға берілсін. 
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
N 554 қаулысымен
бекiтiлген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.12.2009 жылғы № 1997 Қаулысымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2010 жылғы № 1258 Қаулысымен (03.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.07.2011 жылғы № 764 Қаулысымен (28.11.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 496 Қаулысымен (02.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (19.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, хатшы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша)
«KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі
Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай Қоғамының президенті (келісім бойынша)
"Сейсмология институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 11 маусымдағы
N 554 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшін жойған кейбiр шешiмдерінің тiзбесi
1. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 685 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 26, 215-құжат). 
2. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 28 сәуiрдегi N 389 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 13, 107-құжат). 
4. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 мамырдағы N 671 қаулысының 1-тармағы.
Полная версия
ИС BestProfi