Близость слов: Окончание:





Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің  2001 жылғы 5 шілде N 648 Жарлығы
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.04.2016 жылғы № 233 Жарлығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 15.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Жеке тұлғаның ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби орнығуына қосқан елеулі үлесін ескере отырып және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Мына жоғары оқу орындарына:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 26.09.2003 жылғы № 1201, 08.07.2006 жылғы № 145,  (05.07.2001 жылғы редакцияны қараңыз) 12.06.2010 жылғы № 996 Жарлықтарымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.04.2016 жылғы № 233 Жарлығына сәйкес (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
1) Әл-Фараби атындағы ұлттық университетіне; 
2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне; 
3) Қазақ ұлттық аграрлық университетіне; 
4) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.08.2015 жылғы № 75 Жарлығына сәйкес (04.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
5) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне; 
6) Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына; 
7) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына; 
9) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне; 
10) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына.
11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына;
1-тармақ 11-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 04.05.2015 жылғы № 15 Жарлығына сәйкес
11-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 18.02.2016 жылғы № 198 Жарлығымен (26.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
12) Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясына;
1-тармақ 12-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 18.02.2016 жылғы № 198 Жарлығына сәйкес
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 27.04.2016 жылғы № 242 Жарлығына сәйкес (11.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 10.06.2023 жылғы № 252 Жарлығына сәйкес (15.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)
13) Қазақ ұлттық хореография академиясына;
1-тармақ 13-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 27.04.2016 жылғы № 242 Жарлығына сәйкес
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 28.02.2018 жылғы № 645 Жарлығына сәйкес (27.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)
14) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне;
1-тармақ 14-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 28.02.2018 жылғы № 645 Жарлығына сәйкес
14-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 25.12.2018 жылғы № 805 Жарлығымен (28.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
15) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне ерекше мәртебе берілсін;
1-тармақ 15-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 25.12.2018 жылғы № 805 Жарлығына сәйкес
16) Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне ерекше мәртебе берілсін.
1-тармақ 16-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 15.01.2020 жылғы № 241 Жарлығына сәйкес
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 08.07.2006 жылғы № 145 Жарлығымен (26.09.2003 жылғы редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2015 жылғы № 15 Жарлығымен (12.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.02.2016 жылғы № 198 Жарлығына сәйкес (26.08.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 11.04.2016 жылғы № 233 Жарлығымен (18.02.2016 ж. редакцияны қараңыз)
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 9 қаңтардағы  N 1059  қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Полная версия
ИС BestProfi