«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 Қаулысы
Осы редакция 11.01.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағы шеңберінде тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1) тауарға ілеспе құжаттар және ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;»;
«тауарға ілеспе құжаттар және қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;»;
«орындалуы үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;»;
«Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия