Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.01.2019
Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.11.2016 жылғы № 736 Қаулысына сәйкес (05.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 19 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2018 жылғы № 922 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.11.2016 жылғы № 736 Қаулысына сәйкес (05.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«1) тауарға ілеспе құжаттар және ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;
2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;»;
«тауарға ілеспе құжаттар және қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;»;
«орындалуы үшін тауарларды әкелу жүзеге асырылатын бағдарламаның атауы мен техникалық жәрдемдесу жөніндегі жобаның (келісімшарттың) деректемелері көрсетілуі тиіс тауарға ілеспе құжаттар және дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы;»;
7-тармақтың 3) тармақшасындағы «тауар-көліктік немесе» деген сөздер алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi