Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоғамдық байқау комиссияларын құру ережесiн бекiту туралы" 2005 жылғы 16 қыркүйектегі № 924 және "Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы" 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1313 Қаулысы       
Редакция 19.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.11.2015 жылғы № 925 Қаулысымен (09.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы № 232 (28710) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы № 1899 қаулысында:
«2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Президенттің Күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті оны орындау жөніндегі құзыретті органдар болып табылатынын хабарласын.».
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімнің 1-бабының3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан құзыретті органдар тізбесінің өзгергендігі туралы хабарласын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Полная версия
ИС BestProfi