Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 қарашадағы N 1899 Қаулысы
Редакция 26.02.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Астана қаласында 2009 жылы 22 мамырда қол қойылған Қылмысқа қарсы күрес саласындағы ақпарат алмасу туралы келісім бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген Келісімнің 1-бабының 3-тармағына сәйкес депозитарийге Қазақстан Республикасынан оны орындау жөніндегі құзыретті органдар Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеу қызметі болып табылатынын хабарласын.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 09.11.2011 № 1313 Қаулысымен. (14.05.2010 жылғы редакцияны қараңыз) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.06.2017 жылғы № 350 Қаулысына сәйкес (09.11.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.04.2019 жылғы № 154 Қаулысына сәйкес (08.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.12.2019 жылғы № 925 Қаулысына сәйкес (03.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.02.2021 жылғы № 98 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қылмысқа қарсы күрес саласында ақпарат алмасу туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, қылмыс оның барлық нысандарында жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін елеулі қауіп төндіретінін мойындай отырып, ақпарат алмасу саласында Тараптардың ынтымақтастығын дамыту ниетін басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау міндеттерін шешу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды одан әрі нығайту қажеттігін ескере отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Қылмыстарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мақсатында Тараптар сұрау салулар бойынша жедел-анықтамалық, іздестіру, криминалистикалық және өзге де есептердегі, мұрағаттардағы мәліметтерді өтеусіз негізде ұсынады, сондай-ақ олардың қарамағындағы ғылыми-техникалық, ақпараттық-аналитикалық материалдармен және қылмысқа қарсы күрес саласындағы нормативтік құқықтық актілермен алмасуды жүзеге асырады.
2. Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тараптар өздерінің құзыретті органдары арқылы ынтымақтасады. Құзыретті органдардың тізбесін әрбір Тарап айқындайды және осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындау туралы хабарламаны сақтауға тапсыру кезінде депозитарийге беріледі. Құзыретті органдар тізбесінің өзгерістері туралы әрбір Тарап бір ай ішінде депозитарийге жазбаша хабарлайды.
2-бап
1. Тараптардың құзыретті органдарының ынтымақтастығы ақпарат жіберу және ақпарат ұсыну туралы сұрау салуларды (бұдан әрі - сұрау салу) орындау арқылы жүзеге асырылады.
2. Егер ақпарат осы Тарап үшін қызығушылық білдіреді деп ұйғаруға негіз болса, ол екінші Тарапқа бастамашылық тәртіппен берілуі мүмкін.
3. Сұрау салу жазбаша түрде жіберіледі. Кідіруге болмайтын жағдайларда сұрау салу кейіннен үш тәулік мерзімнен кешіктірілмей міндетті түрде жазбаша түрде растала отырып, ауызша берілуі мүмкін. Бұл ретте ақпарат берудің техникалық құралдары пайдаланылуы мүмкін. Сұрау салудың түпнұсқалығына немесе мазмұнына күмән туындаған жағдайда оны қосымша растау сұратылуы мүмкін.
Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы сұрау салуды тиісінше орындау үшін қажетті қосымша мәліметтерді сұратуға құқылы. Сұрау салуда:
а) сұрау салушы және сұрау салынатын Тараптардың құзыретті органдарының атаулары;
Полная версия