«Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 16.03.2016
Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 наурызда № 6829 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 16 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 10.02.2016 жылғы № 59 Бұйрығына сәйкес
Редакция 01.01.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесін мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері туралы нұсқаулық;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Қаржы министрінің 02.08.2011 № 389 бұйрығымен (27.04.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2013 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3) Осы бұйрықтың 122-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 27.04.2011 № 219, 02 (24.02.2011 жылғы редакцияны қараңыз)(01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).08.2011 № 389 бұйрығымен.(01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған бухгалтерлік құжат нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 548 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 677 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын, ұйымдарға арналған бухгалтерлік нысандардың альбомына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі № 405 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1258 болып тіркелген);
3) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мекемелерге арналған бухгалтерлiк құжат нысандарының альбомын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментi директорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы № 548 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық комитеті төрағасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 50 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3969 болып тіркелген, 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 179-180(804) «Заң газетінде» жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 95 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудің ерекшелiктерi туралы нұсқаулық
1. Жалпы ереже
1. Осы Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудің ерекшелiктерi туралы нұсқаулық «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) сәйкес әзірленіп, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің кейбір ерекшеліктерін белгілейді.
2. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2. Мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік есепті оның дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылатын мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік қызметі немесе бас бухгалтер басқаратын орталықтандырылған бухгалтериясы жүзеге асырады.
Полная версия

