1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмектің түрлері мен көлемі бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 06.06.2012
Медициналық көмектің түрлері мен көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 796 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5955 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 06.06.2012 № 394 Бұйрығына сәйкес
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 38, 45-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Б. Садықов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы N 796 бұйрығына 1-қосымша
Медициналық көмектің түрлері мен көлемі
1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемі
1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері:
1) диагностикалық іс-шараларды:
бойды, салмақты, бастың шеңберін, кеуде шеңберін өлшеуді;
дене қызуын, артериялық қысымды өлшеу, ірі тамырдың пульсациясын (соғуын) анықтауды;
құлақтың естігіштігін, көздің жітілігін, көзішілік қысымды (тонометрия) анықтауды;
жүкті әйелдердің ішінің шеңберін, жамбас мөлшерін, Соловьев индексін, жатыр түбінің биіктігін өлшеуді;
жүкті әйелдердің мерзімін, іштегі нәрестенің алда жатуын, іштегі нәрестенің орналасуын, іштегі нәресте жүрегінің соғысын, жасырын ісінулерді анықтауды;
клиникалық талдауларды алу және тест-жүйе (экспресс-диагностика) болған жағдайда зертханалық зерттеулер жүргізуді;
электрокардиограммаға түсіру – ЭКГ;
2) емдік шараларды:
теріге, тері астына, бұлшық етке, венаға дәрі құю және инфузия жасауды;
Операциядан кейінгі жараларды таңу, жараларды өңдеу, аклюзиялық және асептикалық таңуларды салу;
Коллапс, шок (анафилаксиялық, кардиогендік, сепсистік, травмалық) жағдайында, жүрек қатты ауырғанда, невралгия кезінде, жүрек тоқтап қалғанда, дем тоқтап қалғанда, мидың қан айналымы жіті бұзылғанда, гипертониялық криз кезінде, қан кеткенде, уланғанда, күйген кезде, бронхоспазм, гипергликомея немесе гипогликемиямен байланысты жағдайларда, кенеттен зәр шықпай қалғанда, іш қатпасы кезінде, жіті психологиялық бұзылыстар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді;
аяқ-қол және омыртқа бағанасының жарақаты кезінде иммобилизациялау, сүйек сынған жағдайда шендеу, таңу, қан тоқтатқыш бұрау салуды;
дәрігердің тағайындауы бойынша емшаралар жасауды;
босандыруды;
физитерапиялық емшараларды;
массаждың негізгі және көмекші тәсілдерін жасауды;
түрлі аурулармен ауыратын пациенттерге арналған емдік денешынықтырудың үлгілік кешенін құруды;
3) аурудың профилактикасы:
салауатты өмір салтын қалыптастыруды;
әйелді босануға және оның отбасы мүшелерін баланың тууына дайындау мақсатында босанғанға дейінгі патронаждауды;
жас балалардағы аурулардың профилактикасы және олардың денсаулығын жақсарту мақсатында жас балаларды патронаждауды қамтиды.
2. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетімдер бойынша анықталады.
2. Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемі
3. Білікті медициналық көмектің түрлері:
1) жалпы дәрігерлік практика;
2) терапия;
3) педиатрия;
4) хирургия;
5) акушерия және гинекология.
4. Білікті медициналық көмектің көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетімдер бойынша анықталады.
3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің түрлері мен көлемі
5. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің түрлері:
1) ауруды ерте анықтау мақсатында диагностикалау;
2) амбулаториялық деңгейде емдеу;
4) уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу (уақытша еңбекке жарамсыздық парағын, анықтама беру);
5) профилактикалық тексерулер;
6) иммунизация;
7) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;
8) дұрыс және тиімді тамақтану туралы ұсыныстар;
9) отбасын жоспарлау;
10) жүкті әйелдерді, балаларды, оның ішінде жаңа туған сәбилерді патронаждау;
11) диспансерлеу және динамикалық бақылау.
6. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностикалау және емдеу стандарттарына (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетілімдер бойынша анықталады.
4. Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемі
7. Консультативтік-емханалық және стационарлық көмек көрсететін көп бейінді денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрігерлердің мамандықтарына байланысты көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушериялық-гинекологиялық бейіндерге бөлінеді.
8. Терапиялық бейінде: терапия, аллергология, гастроэнтерология, гематология, нефрология, кардиология, ревматология, пульмонология, эндокринология, психиатрия, психотерапия, медициналық психология, неврология, терапиялық стоматология, сексопатология, реабилитология, профпатология, еңбек терапиясы, наркология, фтизиатрия, геронтология, гериатрия, гирудотерапия, токсикология, емдік денешынықтыру, диетология, рентгенология, Су-джок-терапия, мануалдық терапия, рефлексотерапия, гомеопатия, дерматовенерология, дерматокосметология, жұқпалы аурулар, иммунология, лепрология, медициналық генетика қамтылады.
9. Хирургиялық бейінде: хирургия, нейрохирургия, кардиохирургия, онкология, травматология және ортопедия, камбустиология, урология, андрология, оториноларингология, офтальмология, проктология, маммология, хирургиялық стоматология, ортодонтиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, жақ-бет хирургиясы, трансплантология, экстракорпоралдық детоксикация, гипербариялық оксигенация, токсикология, анестезиология-реаниматология, клиникалық трансфузиология қамтылады.
10. Педиатриялық бейінде: педиатрия, балалар офтальмологиясы, балалар оториноларингологиясы, балалар пульмонологиясы, фтизиопедиатрия, балалар кардиоревматологиясы, балалар гастроэнтерологиясы, балалар нефрологиясы, балалар және жасөспірімдер гинекологиясы, балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы, балалар хирургиясы, балалар нейрохирургиясы, балалар эндоскопиясы, балалар травматологиясы және ортопедиясы, балалар камбустиологиясы, балалар трансплантологиясы, балалар экстракорпоралдық детоксикациясы, балалар аллергологиясы, медициналық генетика, балалардағы жұқпалы аурулар, балалар иммунологиясы, балалар онкологиясы, балалар гематологиясы, балалар неврологиясы, балалар эндокринологиясы, балалар психиатриясы, балалар психотерапиясы, балалар токсикологиясы, балалар гипербариялық оксигенациясы, балалар стоматологиясы, оның ішінде ортопедия және ортодонтия, балалар жақ-бет хирургиясы, балалар урологиясы, балалар дерматовенерологиясы, жасөспірімдер наркологиясы, жасөспірімдер терапиясы, экстракорпоралдық детоксикациясы, балалар оңалтуы, неонатология қамтылады.
11. Акушериялық-гинекологиялық бейінде: гинекология, акушерия қамтылады.
12. Мамандырылған медициналық көмектің көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностикалау және емдеу стандарттарына (операциялар мен манипуляциялар, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық қызметтер анықтамалығына) сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау және емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетілімдер бойынша анықталады.
5. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемі
13. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлері терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушериялық-гинекологиялық бейіндерге бөлінеді.
14. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемі ЖММК Тізбесіне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға (медициналық қызметкер анықтамалығына операциялар мен манипуляциялар, дәрі–дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар сәйкес анықталады. Стандарттар болмаған кезде диагностикалау мен емдеу шараларының көлемі медициналық көрсетілімдер бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы N 796 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің күшін жойған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы медициналық көмектің түрлері мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі N 705 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 2530 тіркелген).
2. "Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін және оның түрлері мен көлемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қарашадағы N 863 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 2609 тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2004 жылғы 10 қаңтардағы N 1-2 (157-158) санында жарияланған).
3. "Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін және оның түрлері мен көлемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 қарашадағы N 863 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 18 мамырдағы N 240 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде N 3670 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 ж. 8 қыркүйектегі N 10 (724) санында жарияланған).
4. "Дәрігерге дейінгі медициналық көмек түрлерінің тізбесі мен көлемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26 ақпандағы N 134 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2007 жылғы 16 наурызда N 4575 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2007 ж. 25 сәуірдегі N 62 (1091) санында жарияланған).
Полная версия