Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2018
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 21.05.2018 жылғы № 282 Қаулысына сәйкес
Редакция 08.09.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнің 307-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидалары бекiтілсін.
2. «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орнын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 492 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 162-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 31 қазандағы
№ 1379 қаулысымен
бекiтiлген
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидалары
1. Осы Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің (бұдан әрі – Салық кодексi) 307-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Қағидаларда пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініштерді беру мен қарау тәртібі және кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу критерийлері белгіленеді.
2. Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініштер беру мен қарау тәртібі
3. Кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу үшін қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған, кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) игеруді көздейтін, оның ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған критерийлерге сәйкес келетін келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі — уәкілетті орган) өтініш білдіреді.
4. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылға кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініш күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған, алдыңғы қаржы жылындағы қаржылық есептіліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен аудитті міндетті түрде өткізу белгіленген заңды тұлғалар үшін алдыңғы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер өтінім ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілсе, онда өткен қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі беріледі;
3) заңды тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы кемінде тоқсан күн бұрынғы жағдай бойынша ағымдағы қаржы жылының өткен кезеңіндегі қаржылық есептілігінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға растаған алдыңғы күнтізбелік жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп;
5) заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға растаған ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;
Полная версия
ИС BestProfi