Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.02.2015
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу, оларды тапсыру және куәліктер беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6103 болып енгізілді
Тақырып өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 04.06.2013 жылғы № 371 Бұйрығымен (05.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 19.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Тақырып өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 15.01.2014 жылғы № 11 Бұйрығымен (30.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2014 жылғы № 862 Бұйрығына сәйкес
Редакция 15.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы және "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз);
1-тармақша күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2013 жылғы № 581 Бұйрығымен (04.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу, оларды тапсыру және куәліктер беру ережесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2-тармақша өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 04.06.2013 жылғы № 371 Бұйрығымен (05.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 19.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 15.01.2014 жылғы № 11 Бұйрығымен (30.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін, сондай-ақ осы Ережеде көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті (С.К.Көкебаев) ішкі істер органдарының байланыс арналары бойынша көлік құралдары мен жүргізушілер куәлігіне ақпарат және мәліметтер алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Қ.С.Тыныбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Ж.Күреңбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Қ.С.Тыныбеков) жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 26 ақпандағы
№ 90 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 30.09.2013 жылғы № 581 Бұйрығымен (04.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 26 ақпандағы
№ 90 бұйрығына
2-қосымша
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу және куәліктер беру ережесі
Ереженің атауы өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 04.06.2013 жылғы № 371 Бұйрығымен (05.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 19.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін басқару құқығына емтихандарға адамдарды жіберу, оларды тапсыру және куәліктер беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды емтихандарға жіберу, оларды тапсыру және көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәліктерін беру тәртібін белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 04.06.2013 жылғы № 371 Бұйрығымен (05.08.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 19.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 15.01.2014 жылғы № 11 Бұйрығымен (30.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi