Қазақстан Республикасы төлем жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді :
Внимание! Документ утратил силу с 11.04.2016
"Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорынның клиринг жүйесінде операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 1999 жылғы 3 шілде N 157 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 905
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 11 сәуірден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 жылғы № 262 Қаулысына сәйкес
Редакция 17.11.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудан өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Төлем жүйесi басқармасымен (Мұсаев Р.Н.) бiрлесiп осы қаулыны және "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап бiр апта мерзiмде осы қаулыны және "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiнде операциялар жүргiзу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына жiберiп, оларға осы қаулыны және бекітілген Ережені екінші деңгейдегі банктерге жіберуді міндеттесін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 3 шілдедегі N 157 қаулысымен бекітілген
"Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның клиринг жүйесінде операциялар жүргізу ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның клиринг жүйесiн ұйымдастыру және жұмыс iстету тәртiбiн белгiлейдi (бұдан әрi - Жүйе). Пайдаланушыларға Жүйедегi төлемдердi жүзеге асыру бойынша қызмет "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығы бар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен (бұдан әрi - Орталық) олардың арасында жасалған шарт негiзiнде көрсетiледi.
2. Жүйедегi төлемдердi пайдаланушылар Орталыққа ақша аудару (бұдан әрi - төлем құжаттары) және оларды банкаралық клиринг негiзiнде өңдеу туралы нұсқау бар электрондық хабарлар беру жолымен жасайды. Электрондық хабарлармен алмасқанда пайдаланылатын қорғау әрекеттерiнің тәртiбi және оны бұзушылыққа Орталықтың және пайдаланушылардың жауапкершiлiгi бадарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық сандық қол қоюды пайдалану туралы келiсiммен белгiленедi. Жүйедегi барлық төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 193 қаулысымен.
3. Пайдаланушының таза позициясын анықтау Жүйенiң операция күнiн аяқтау сәтiнде банкаралық ақша аудару жүйесiндегi пайдаланушының қалдық ақшасы шегiнде жасалады. Егер пайдаланушының банкаралық ақша аудару жүйесiнде ақшасы жоқ болса, онда осы пайдаланушының таза позициясын анықтау Жүйенiң басқа пайдаланушыларынан оның пайдасына түскен төлем құжаттары сомасының шегiнде жасалады. Пайдаланушының дебеттiк таза позициясы осы пайдаланушының банкаралық ақша аудару жүйесiндегi ақша сомасынан аспауы тиiс. Банкаралық клиринг нәтижесi бойынша ақша аудару банкаралық ақша аудару жүйесiнде жасалады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 193 қаулысымен.
4. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
1) аудиторлық iз - Жүйедегi төлем құжаттарының қозғалысын бақылауға арналған ақпарат;
2) аутентификация - Орталық және пайдаланушы арасындағы келiсiм бойынша белгiленетiн төлем құжаты жасалуының түпнұсқалығын және дұрыстығын растайтын iс-жосық;
3) төлем күнi - ақша аудару туралы нұсқауды орындаған күн;
3-1) пайдаланушының дебеттік кезегі - осы пайдаланушының басқа пайдаланушыға қатысы бойынша ақша міндеттемелері бойынша белгілі бір күнге Жүйедегі орындалмаған төлем құжаттарының сабақтас қатары;
4) банкаралық клиринг (бұдан әрі - клиринг) - Орталық жүзеге асыратын пайдаланушылардың нұсқауларын жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау бойынша, сондай-ақ өзара есептесуін жүргізу және Жүйені пайдаланушылардың таза позицияларын айқындау процесі;
Полная версия